User's Guide

Тонер картриджін ауыстыру | 141
Тонер картриджін ауыстыру
Тонер картриджін ауыстыру қажет болған кезде, құрылғының тонер картриджінің түрін
тексеріңіз (136-беттегі "Алуға болатын жабдықтар"бөлімін қараңыз).
Тонер картриджін жақсылап шайқаңыз, бұл бастапқы басып шығару сапасын
арттырады.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер құрылғының үлгісіне немесе
орнатылған опцияларға байланысты өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының түрін
тексеріңіз (19-беттегі "Алдыңғы көрінісі"бөлімін қараңыз).
Тонер картриджіне зақым тиюіне жол бермеу үшін оған бес минуттан аса жарық
түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж
тұтқасын пайдаланыңыз.
Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір
заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі мүмкін.
Егер
тонер киімге тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз және киімді суық сумен
жуыңыз. Ыстық су тонерді талшыққа сіңдіріп жібереді.
Сканер құрылғысын ашқанда, құжат бергіш және сканерді бірге ұстап тұрыңыз.