User's Guide

Құрылғыны тазалау | 148
Сканерді тазалау
Сканерді таза ұстау ең жақсы көшірме сапасына қол жеткізуге көмектеседі. Сканерді күн
сайын таңертең және күндіз тазалап тұруыңызды ұсынамыз.
Құрылғыны өшіріңіз де, шнурды ажыратыңыз. Құрылғы суығанша күтіңіз. Егер
құрылғыда қуат қосқышы бар болса, құрылғыны тазалау алдында қуат қосқышын
өшіріңіз.
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне
байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. Құрылғының түрін
тексеріңіз (19-беттегі "Алдыңғы көрінісі"бөлімін қараңыз).
1 Жұмсақ, талшықсыз материал немесе қағаз сүлгіні аздап сулаңыз.
2 Сканер қақпағын көтеріп ашыңыз.
3 Сканердің бетін таза және құрғақ болғанша сүртіңіз.
1. Сканер қақпағы
2. Сканер шынысы
3. Құжат бергіштің шынысы
4. Ақ парақ
4 Сканер қақпағын жабыңыз.
1
2
4
3