User's Guide

Сымсыз желі мәселелерін шешу | 183
Принтер басып шығармайды және компьютерде үшінші
тарап брандмауэрі орнатылған
1. Брандмауэрді өндіруші ұсынған ең соңғы нұсқамен жаңартыңыз.
2. Принтерді орнатқанда немесе басып шығаруға әрекет жасаған кезде бағдарламалар үшін
брандмауэрге қатынас талап етілсе, бағдарламалардың іске қосылуы мүмкін екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Брандмауэрді уақытша өшіріп, компьютерге сымсыз принтерді орнатыңыз. Сымсыз
орнату әрекетін аяқтаған кезде брандмауэрді қосыңыз.
Сымсыз қосылым сымсыз маршрутизаторды немесе
принтерді жылжытқаннан кейін жұмыс істемейді
1. Mаршрутизатор немесе принтер сіздің компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
3. Конфигурация бетіндегі сымсыз желі идентификаторы (SSID) мен компьютердің принтер
конфигурациясындағы SSID салыстырыңыз.
4. Егер сымсыз желі идентификаторы (SSID) бірдей болмаса, құрылғылар бірдей желіге
қосылмайды. Принтер үшін сымсыз орнатуды қайта теңшеңіз.
Сымсыз принтерге қосымша компьютерлерді қосу мүмкін
емес
1. Басқа компьютерлер сымсыз ауқымда және сигналға ешнәрсе бөгет жасамайтынына көз
жеткізіңіз. Көптеген желілер үшін сымсыз ауқым сымсыз қатынасу орнының 30 м (100 фут)
аралығында орналасқан.
2. Принтер қосылған және дайын күйінде екеніне көз жеткізіңіз.
3. Wi-Fi Direct функциясын бір мезгілде пайдаланатын пайдаланушы саны 5-тен
аспайтынына көз жеткізіңіз.
4. Компьютердегі үшінші тарап брандмауэрін өшіріңіз.
5. Сымсыз желі
дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
6. Компьютер дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
Сымсыз принтер VPN үшін қосылған кезде байланысты үзеді
Әдетте VPN үшін және басқа желілерге бір мезгілде қосылу мүмкін емес.
Желі сымсыз желілер тізімінде көрсетілмейді
Сымсыз маршрутизатор қосылғанын және қуаттанғанын тексеріңіз.
Желі жасырын болуы мүмкін. Алайда, жасырын желіге де қосылуға болады.
Сымсыз желі жұмыс істемейді
1. Желі байланысы үзілген-үзілмегенін тексеру үшін, басқа құрылғыларды желіге қосуға
әрекет жасаңыз.