User's Guide

Глоссарий | 191
Глоссарий
Келесі глоссарий басып шығаруға қатысты көп қолданылатын және осы пайдаланушыға арналған
нұсқаулықта кездесетін терминологияны түсіну арқылы өніммен танысуға көмектеседі.
802.11
802.11 - сымсыз жергілікті желі (WLAN) байланысына арналған стандарттар жиынтығы, IEEE LAN/MAN
Стандарттар комитеті (IEEE 802) тарапынан дайындалған.
802.11b/g/n
802.11b/g/n кейбір жабдықтарды ортақ пайдалануы және 2,4 ГГц жиілігін пайдалануы мүмкін. 802.11b 11
Мб/с-қа дейінгі өткізу мүмкіндігін, 802.11n 150 Мб/с-қа дейінгі өткізу мүмкіндігін қолдайды. 802.11b/g/n
құрылғыларына кейде микротолқындық пештер, сымсыз телефондар және Bluetooth құрылғылар
кедергі келтіруі мүмкін.
Қатынас нүктесі
Қатынас нүктесі немесе сымсыз қатынас нүктесі (AP немесе WAP) - сымсыз жергілікті желілерде (WLAN)
сымсыз байланыс құрылғыларын байланыстыратын және WLAN радиосигналдары үшін орталық
трансмиттер және ресивер ретінде жұмыс істейтін құрылғы.
ADF
Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (ADF) - түпнұсқа қағаз парағын автоматты түрде беретін
сканерлеу құрылғысы, құрылғы қағаздың біршама көлемін бір уақытта сканерлей алады.
AppleTalk
AppleTalk - компьютерлік желі құру үшін Apple, Inc шығарған арнайы протоколдар жиынтығы. Ол
бастапқы Mac (1984) құрамына енгізілген және қазір оны Apple компаниясы TCP/IP желісінің пайдасына
жойды.
Биттік тереңдік
Растрлік суреттегі бір пикселдің түсін көрсету үшін пайдаланылатын биттер санын сипаттайтын
компьютерлік графика термині. Жоғарырақ түс тереңдігі анық түстердің кеңірек ауқымын береді. Биттер
саны көбейген сайын, түстер картасы үшін мүмкін болатын түстер саны тым көбейіп кетеді. 1-битті түс
әдетте монохромды немесе қара және ақ деп аталады.
BMP
Microsoft Windows графикалық ішкі жүйесі (GDI) пайдаланатын және сол платформада қарапайым
графикалық файл пішімі ретінде пайдаланылатын растрлік графика пішімі.