User's Guide

Глоссарий | 195
Сақтау құрылғысы (HDD)
Әдетте қатты диск деп аталатын сақтау құрылғысы (HDD) – қуат бермегенде өшірілмейтін сақтау
құрылғысы. Ол сандық түрде кодталған деректерде тез айналатын, магниттік беті бар пластинкаларда
сақтайды.
IEEE
Электротехника және электроника саласындағы инженерлер институты (IEEE) - электрге қатысты
технологияны дамытуға арналған халықаралық коммерциялық емес кәсіби ұйым.
IEEE 1284
1284 параллель порт стандартын Электротехника және электроника саласындағы инженерлер институты
(IEEE) жасаған. «1284-B» термині сыртқы құрылғыға (мысалы, принтерге) қосылатын параллель
кабельдің ұшындағы арнайы коннектор түрін білдіреді.
Интранет
Ұйымның мәліметтерінің немесе операцияларының бір бөлігін сенімді түрде өз қызметкерлерімен
бірлесіп пайдалану үшін IP протоколдарын, желі қосылымын және жалпы байланыс жүйесін
пайдаланатын жеке желі. Кейде бұл термин тек ең нақты көрінетін қызметті, ішкі веб-сайтты білдіреді.
IP мекенжай
Интернет протоколы (IP) мекенжайы - IP протоколы стандартын пайдаланатын желіде бір-бірімен
байланысу және анықтау үшін құрылғылар пайдаланатын бірегей нөмір.
IPM
Бір минуттағы суреттер (IPM) - принтер жылдамдығын өлшеу әдісі. IPM көрсеткіші принтер бір минут
ішінде басып шығара алатын бір жақты парақтар санын көрсетеді.
IPP
Интернет басып шығару протоколы (IPP) басып шығару, басып шығару тапсырмаларын басқару, баспа
құралдарының өлшемі, ажыратымдылық және т. б. үшін стандартты протоколды сипаттайды. IPP
протоколын жергілікті немесе Интернет арқылы жүздеген принтерлер үшін пайдалануға болады және ол
қатынасты басқару, аутентификация және шифрлау мүмкіндіктерін қолдайды, бұл оны бұрынғыларға
қарағанда икемдірек және қауіпсіз басып шығару шешімі етеді
.
IPX/SPX
IPX/SPX - желіаралық бумалар алмасу протоколы/бірізді бумалар алмасу. Novell NetWare операциялық
жүйелері пайдаланатын желілік протокол. IPX және SPX протоколдары TCP/IP протоколына ұқсас
қосылым қызметтерін қамтамасыз етеді, IPX протоколы IP протоколына ұқсас және SPX протоколы TCP
протоколы на ұқсас. IPX/SPX протоколы негізінен жергілікті желілерге (LAN) арналған және осы мақсатта
ол өте тиімді протокол болып табылады (әдетте оның жұмыс көрсеткіштері жергілікті желідегі TCP/IP
көрсеткіштерінен жоғары).