User's Guide
Глоссарий | 196
ISO
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) - ұлттық стандарттау органдарының өкілдерінен
құралған халықаралық стандарттау органы. Ол халықаралық өнеркәсіп және сауда стандарттарын
шығарады.
ITU-T
Халықаралық телекоммуникация одағы - халықаралық радио және телекоммуникация саласын
стандарттау және реттеу үшін құрылған халықаралық ұйым. Оның негізгі мақсаттары радиожиіліктер
диапазонын бөлу, стандарттау және халықаралық телефон байланыстарын қамтамасыз ету мақсатында
әр түрлі елдер арасында өзара байланыс келісімдерін ұйымдастыру. ITU-T сөзіндегі -T әрпі
телекоммуникацияны білдіреді.
ITU-T № 1 диаграмма
Құжаттарды факсимильді байланыс арқылы жіберу үшін ITU-T жариялаған стандартталған сынақ
диаграммасы.
JBIG
Екі деңгейлі кескіндер жөніндегі бірлескен эксперттер тобы (JBIG) - дәлдік пен сапаны жоғалтпай
кескіндерді қысу стандарты, бинарлық кескіндерді қысуға арналған, әсіресе факстер үшін, сонымен
қатар басқа кескіндер үшін де пайдалануға болады.
JPEG
Фотосуреттер жөніндегі бірлескен эксперттер тобы (JPEG) - фотосуреттерді жоғалтумен қысу үшін ең көп
қолданылатын стандартты әдіс. Фотосуреттерді Интернетте сақтау және жіберу үшін пайдаланылатын
пішім.
LDAP
Каталогқа кіру үшін жеңілдетілген протокол (LDAP) - TCP/IP арқылы жұмыс істейтін каталог қызметтерін
сұрауға және өзгертуге арналған желілік протокол.
Жарық диодты экран
Жарық шығаратын диод (LED) - құрылғы күйін көрсететін жартылай өткізгішті құрылғы.
МАС-мекенжай
Ортамен қатынасты басқару (MAC) мекенжайы - желілік адаптермен байланысқан бірегей
идентификатор. MAC-мекенжай бірегей 48-биттік идентификатор болып табылады, әдетте екі-екіден
топталған 12 он алтылық таңбалар (мысалы, 00-00-0c-34-11-4e). Бұл мекенжай әдетте өндіруші
тарапынан желілік интерфейстік картаға (NIC) қатты бекітіледі және үлкен желілерде құрылғыларды
табуға әрекет жасайтын маршрутизаторларға көмек ретінде пайдаланылады.
MFP
Көп функциялы сыртқы құрылғы (MFP) - бір физикалық денеде келесі функцияларды қамтитын кеңсе
құрылғысы, принтер, көшіру құрылғысы, факс, сканер және т.б.










