User's Guide
Глоссарий | 199
PSTN
Жалпыға арналған телефон желісі (PSTN) - жалпыға бірдей коммутациялық телефон желілерінің жүйесі,
өнеркәсіптік ғимаратта орналасады, әдетте коммутатор арқылы реттеледі.
RADIUS
Телефон желісінің абонентін қашықтан аутентификациялау қызметі (RADIUS) - пайдаланушыны
қашықтан аутентификациялау және тіркеу протоколы. RADIUS аутентификация деректерін орталықтан
басқаруға мүмкіндік береді, мысалы, пайдаланушы аты және құпия сөздер, желіге кіруді басқару үшін
AAA (аутентификация, авторизация және есеп) принципін пайдаланады.
Ажыратымдылық
Кескіннің анықтығы, дюймдегі нүктелер санымен (DPI) өлшенеді. Дюймдегі нүктелер саны көбейсе,
ажыратымдылық жоғарылайды.
SMB
Сервердің хабарлар блогы (SMB) - желілік протокол, негізінен файлдарды, принтерлерді, бірізді
порттарды бірлесіп пайдалану үшін және басқа түрлі байланыстар үшін желі нүктелерінің арасында
пайдаланылады. Сонымен қатар, ол тексерілген процесс аралық байланыс механизмін қамтамасыз етеді.
SMTP
Пошта жіберуге арналған қарапайым протокол (SMTP) - Интернет арқылы электрондық пошта
хабарларын жіберуге арналған стандарт. SMTP - салыстырмалы түрде қарапайым, мәтінге негізделген
протокол, бір немесе бірнеше хабар алушылары көрсетіледі, сонан соң хабар мәтіні беріледі. Ол
клиент-сервер протоколы, клиент серверге электрондық пошта хабарын жібереді.
SSID
Сымсыз желі идентификаторы (SSID) - сымсыз жергілікті желінің (WLAN) атауы. Бір бірімен байланысу
үшін сымсыз жергілікті желідегі барлық сымсыз құрылғылар бірдей SSID пайдаланады. SSID регистрге
тәуелді болады және ең үлкен ұзындығы 32 таңба.
Ішкі желі маскасы
Қосалқы желі маскасы мекенжайдың қайсы бөлігі желілік мекенжай, ал қайсысы хост мекенжай
екендігін анықтау үшін желілік мекенжаймен бірге пайдаланылады.
TCP/IP
Берілісті басқару протоколы (TCP) және Интернет протоколы (IP); байланыс протоколдарының жиынтығы,
Интернет және басқа көптеген коммерциялық желілер жұмыс істейтін протоколдар жиынтығын енгізеді.
TCR
Берілісті растау есебі (TCR) әрбір беріліс мәліметтерін қамтамасыз етеді, мысалы, тапсырма күйі, беріліс
нәтижесі және жіберілген беттер саны. Бұл есепті әр тапсырмадан кейін басып шығарылатын етіп немесе
беріліс сәтсіз болғанда ғана басып шығарылатын етіп қоюға болады.










