User's Guide

Бағдарламалық жасақтаманы орнату | 27
Бағдарламалық жасақтаманы орнату
Құрылғыны орнатып, компьютерге қосқаннан кейін принтер бағдарламалық жасақтамасын
орнатуыңыз керек. Принтердің бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін, HP
веб-сайтынан бағдарламалық жасақтама бумаларын жүктеп алуыңыз керек.
Орнату алдында компьютердің операциялық жүйесі бағдарламалық жасақтаманы
қолдайтынын тексеріңіз (8-беттегі "Операциялық жүйе"бөлімін қараңыз).
HP бойынша принтерге арналған толық анықтаманы алу үшін
www.hp.com/support/laser130MFP веб-сайтына өтіңіз.
Төмендегі қолдау көрсету тармақтарын табыңыз:
Орнату және теңшеу
Ақпарат алу және пайдалану
Мәселелерді шешу
Бағдарламалық жасақтама мен микробағдарламаның жаңа нұсқаларын жүктеп алу
Қолдау көрсету форумдарына қосылу
Кепілдік пен нормативтік ақпаратты табу
Жергілікті қосылған машинакабельді пайдаланып компьютерге тікелей жалғанған
машина. Құрылғы желіге қосылған болса, төмендегі келесі қадамдарды өткізіп
жіберіңіз және желіге қосылған құрылғының драйверін орнатуға өтіңіз (54-беттегі
"Желі арқылы драйверді орнату"бөлімін қараңыз).
Тек 3 метрден (118 дюйм) аспайтын USB кабелін пайдаланыңыз.