User's Guide
Мәзірді шолу | 29
Мәзірді шолу
Басқару тақтасы құрылғы параметрлерін орнату немесе құрылғы функцияларын пайдалану
үшін түрлі мәзірлерді ашуға мүмкіндік береді.
• Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда
болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді.
• Машинаңыздың параметрлеріне немесе моделіне байланысты кейбір мәзір
атаулары басқа болуы мүмкін.
• Мәзірлер «Пайдалы параметр мәзірлері» тарауында сипатталған (120-беттегі
"Пайдалы параметр мәзірлері"бөлімін қараңыз).
Мәзірге қатынасу
1 Пайдаланылатын мүмкіндікке байланысты басқару тақтасында Fax, Copy немесе Scan
түймесін таңдаңыз.
2 Дисплейдің төменгі жағында мәзір пайда болғанша (Меню) түймесін басып, OK
түймесін басыңыз.
3 Қажет мәзір элементі шыққанша көрсеткілерді басыңыз және OK түймесін басыңыз.
4 Егер параметр элементінде ішкі мәзірлер бар болса, 3-қадамды қайталаңыз.
5 Таңдалған параметрді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
6 Дайын режиміне оралу үшін (Отмена) түймесін басыңыз.










