User's Guide
Құрылғының негізгі параметрлері | 34
Құрылғының негізгі параметрлері
Құрылғыда орнатылған құрылғы параметрін HP Embedded Web Server ішінен
өзгертесіз. Құрылғы желіге қосылған болса, құрылғы параметрін HP Embedded Web
Server > Настройки қойындысы > Параметры устройства (63-беттегі "HP Embedded
Web Server бағдарламасын пайдалану"бөлімін қараңыз) арқылы орнатуға болады.
Құрылғының әдепкі параметрлері
Орнату аяқталғаннан кейін құрылғының әдепкі параметрлерін орнатқыңыз келуі мүмкін.
Құрылғының әдепкі параметрлерін өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Кейбір модельдерде төменірек деңгейдегі мәзірлерге өту үшін OK түймесін басу
қажет болуы мүмкін.
1 Басқару тақтасында (Меню) түймесін басыңыз.
2 Настр. сист. > Настройка тармағына өтіңіз.
3 Қажет параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 Қажетті қосымша параметрді таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
5 Таңдалған параметрді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
6 Дайын режиміне оралу үшін (Отмена) түймесін басыңыз.










