User's Guide

Баспа құралы және науа | 37
Баспа құралы және науа
Бұл тарауда құрылғыға баспа құралын салу әдісі туралы ақпарат беріледі.
Баспа құралын таңдау
Қағаз, конверттер, жапсырмалар немесе слайдттар сияқты әр түрлі баспа құралдарын басып
шығаруыңызға болады. Құрылғымен бірге пайдалану үшін әрдайым нұсқаулыққа сай
келетін баспа құралдарын пайдаланыңыз.
Баспа материалдарын таңдауға арналған нұсқаулық
Пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес келмейтін баспа құралдар мына
ақауларға алып келеді:
Баспа сапасының нашар болуы
Парақтың көп кептелуі
Құрылғының мерзімінен бұрын істен шығуы.
Салмақ, құрамы, бұдырлығы және ылғалдылық сияқты факторлар құрылғының жұмысына
және басып шығарылатын беттің сапасына әсер етеді. Баспа материалдарын таңдаған кезде
мыналарды ескеріңіз:
Құрылғыға салынатын баспа материалдарының түрі
, өлшемі және салмағы баспа
материалдарының техникалық сипаттамасында берілген (187-беттегі "Баспа құралының
сипаттамалары"бөлімін қараңыз).
Ойдағыдай шығу: Таңдайтын баспа материалы жобаңызға сәйкес болады.
Жарықтық: Кейбір баспа материалдары басқаларға қарағанда ақшылдау және анық,
шынайы суреттер шығарады.
Бет тегістігі: Баспа құралының тегістігі қағаздағы бұдырлықтың көруіне әсер етеді.
Кейбір баспа құралдары осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес келеді, бірақ
ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл қағаз сипаттарының, дұрыс пайдаланбаудың,
қолайсыз температураның немесе ылғалдылық деңгейлерінің нәтижесінен болуы
мүмкін.
Көп көлемдегі баспа құралдарын сатып алмастан бұрын, оның пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілген шығыс талаптарға сәйкес келетінін тексеріңіз.