User's Guide

Баспа құралы және науа | 47
Түпнұсқаларды дайындау
• 76 x 149 мм-ден (3 x 5,85 дюйм) кіші немесе 216 x 356 мм-ден (8,5 x 14 дюйм) үлкен қағазды
салмаңыз.
Қағаздың кептеліп қалуына, баспа сапасының төмен болуына және құрылғының
зақымдалуына жол бермеу үшін төмендегі қағаз түрлерін салмаңыз.
- Көшіргіш қағаз немесе көшірме жасайтын қағаз
- Борлы қағаз
- Жұқа жылтыр қағаз немесе жұқа қағаз
- Қыртыстары бар немесе мыжылған қағаз
- Иілген немесе
оралған қағаз
- Жыртылған қағаз
Салмас бұрын, барлық қапсырмалар мен қыстырғыштарды алып тастаңыз.
Салмастан бұрын, желім, сия немесе түзеткіш сұйықтық толығымен кепкеніне көз
жеткізіңіз.
Өлшемі немесе салмағы әртүрлі қағазды қамтитын түпнұсқалы құжаттарды салмаңыз.
Кітапшаларды, үндеухаттарды, слайдтарды немесе сипаттары әдеттен тыс құжаттарды
салмаңыз.
Түпнұсқаларды салу
Түпнұсқаны көшіру, сканерлеу және факс арқылы жіберу үшін оны сканер шынысына
немесе автоматты құжат бергішке салуға болады.
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне
байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. Құрылғының түрін
тексеріңіз (19-беттегі "Алдыңғы көрінісі"бөлімін қараңыз).