User's Guide
Баспа құралы және науа | 49
• Көшіру кезінде сканердің қақпағын ашық қалдырсаңыз, ол көшіру сапасына және
тонердің жұмсалуына әсер етеді.
• Сканер шынысындағы шаң басып шығарылатын парақтың бетіне қара дақтардың
түсуіне себеп болады. Оны әрқашан таза ұстаңыз (145-беттегі "Құрылғыны
тазалау"бөлімін қараңыз).
• Егер кітаптың немесе журналдың бетін көшіргіңіз келсе, сканердің қақпағының
топсалары шектегішке жеткенге дейін көтеріңіз,
содан кейін қақпақты жабыңыз.
Егер кітап немесе журнал 30 мм-ден қалың болса, сканердің қақпағын ашып
қойып көшіріңіз.
• Сканердің шынысын сындырып алмаңыз. Кесіп кетуі мүмкін.
• Сканердің қақпағын жапқанда қолыңызды салмаңыз. Сканердің қақпағы түсіп
кетіп қолыңызды ауыртуы мүмкін.
• Көшіру немесе сканерлеу кезінде сканердің ішіндегі жарыққа қарамаңыз. Бұл
көзге зиян.
Құжат бергіште
Құжат бергіштің көмегімен бір тапсырмада 40 парақ (80г/м
2
, 20фунт жоғары сапалы қағаз)
салуға болады.
1 Түпнұсқаларды салмастан бұрын, қағаз бумасының жиегін майыстырып немесе үрлеп,
беттерді бір-бірінен айырыңыз.
2 Түпнұсқаны құжат бергішке бетін төмен қаратып салыңыз. Түпнұсқалар бумасының
түбі құжат енгізу науасында белгіленген қағаз өлшеміне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.










