User's Guide

Сымды желіні орнату | 53
IPv6 конфигурациясы
Сондай-ақ, HP Embedded Web Server ішінен TCP/IPv6 орнатуға болады. HP Embedded
Web Server терезесі ашылған кезде тінтуір курсорын жоғарғы мәзір жолағындағы
Настройки үстіне апарып, Параметры сети (64-беттегі "Настройки қойындысы")
түймесін басыңыз.
IPv6 протоколына тек Windows Vista немесе одан жоғары жүйелер қолдау көрсетеді.
Машина желіде басып шығару және басқару үшін келесі IPv6 мекенжайларын қолдайды.
Link-local Address: Өзі конфигурацияланатын жергілікті IPv6 мекенжайы (Мекенжай FE80
деп басталады).
Stateless Address: Желі маршрутизаторы арқылы автоматты түрде конфигурацияланған
IPv6 мекенжайы.
Stateful Address: DHCPv6 сервері арқылы конфигурацияланған IPv6 мекенжайы.
Manual Address: Пайдаланушы арқылы конфигурацияланатын IPv6 мекенжайы.
IPv6 желісінде IPv6 мекенжайын пайдалану
үшін мына процедураны орындаңыз.
IPv6 мүмкіндігін іске қосу
1 Басқару тақтасындағы (Меню) түймешікті басыңыз.
2 Сеть > TCP/IP (IPv6) > Протокол IPv6 тармағын таңдаңыз
3 Вкл. пәрменін таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 Құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.
DHCPv6 мекенжайын теңшеу
Желіде DHCPv6 сервер болса, әдепкі динамикалық түйін теңшелімі үшін келесі
параметрлердің біреуін орната аласыз.
1 Басқару тақтасындағы (Меню) түймешікті басыңыз.
2 Сеть > TCP/IP (IPv6) > Конфиг. DHCPv6 тармағына өтіңіз
3 Қажет мәнді таңдау үшін OK түймесін басыңыз.