User's Guide
Желі арқылы драйверді орнату | 54
Желі арқылы драйверді орнату
• Орнату алдында компьютердің операциялық жүйесі бағдарламалық жасақтаманы
қолдайтынын тексеріңіз (8-беттегі "Операциялық жүйе"бөлімін қараңыз).
• Желілік интерфейсті қолдамайтын құрылғыда бұл мүмкіндікті пайдалану мүмкін
болмайды (21-беттегі "Артқы көрінісі"бөлімін қараңыз).
• Принтердің бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін, HP веб-сайтынан
бағдарламалық жасақтама бумаларын жүктеп алуыңыз керек. HP бойынша
принтерге арналған толық анықтаманы алу үшін
www.hp.com/support/laser130MFP веб-сайтына өтіңіз.
Windows
Брандмауэр бағдарламалық жасақтамасы желі байланысын бұғаттауы мүмкін.
Құрылғыны желіге жалғаудың алдында, компьютердің брандмауэрін өшіріңіз.
1 Құрылғының желіге қосылғанын және қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз.
Сонымен бірге, машинаның IP мекенжайын орнату керек (52-беттегі "IP мекенжайды
орнату"бөлімін қараңыз).
2 Принтер драйверінің бағдарламалық жасақтамасын HP веб-сайтынан
(
www.hp.com/support/laser130MFP) жүктеп алыңыз.
3 Құрылғыны өшіріңіз.
4 Драйверді бумадан шығарып, драйверді орнату бағдарламасын іске қосыңыз.
5 Орнату терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.










