User's Guide
Сымсыз желіні орнату | 57
Сети Wi-Fi функциясын пайдалану
Бастау алдында сымсыз желінің желі атауын (SSID) және шифрланған болса желі кілтін
білуіңіз керек. Бұл ақпарат қатынас орнын (немесе сымсыз маршрутизаторды) орнатқанда
орнатылған. Сымсыз ортаны білмесеңіз, желіні орнатқан адамнан сұраңыз.
1 Басқару тақтасында (Меню) > Сеть > Wi-Fi > Парам. Wi-Fi тармағын таңдаңыз.
Немесе (Беспроводн.) түймесін басып, Wi-Fi мәзіріне кіріңіз.
2 Қажет орнату әдісін таңдау үшін OK түймесін басыңыз.
• Мастер (ұсынылады): Бұл режимде орнату автоматты орындалады. Құрылғы
таңдауға болатын қол жетімді желілердің тізімін көрсетеді. Желіні таңдағаннан кейін,
принтер сәйкес қауіпсіздік кілтін сұрайды.
• Нестандартный: Бұл режимде пайдаланушылар өздерінің жеке SSID бере не қолмен
өзгерте алады немесе қауіпсіздік опциясын таңдай алады.
3 Сымсыз желіні орнату үшін терезедегі нұсқауларды орындаңыз.
Windows жүйесін пайдаланып орнату
USB кабелі арқылы орнату
Дайындау керек элементтер
• Қатынас нүктесі
• Желіге қосылған компьютер
• Принтердің бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін, HP веб-сайтынан бағдарламалық
жасақтама бумаларын жүктеп алуыңыз керек. HP бойынша принтерге арналған толық
анықтаманы алу үшін
www.hp.com/support/laser130MFP веб-сайтына өтіңіз.
• Сымсыз желі интерфейсі арқылы орнатылатын машина
• USB кабелі
1 Құрылғыға USB кабелінің қосылғанын тексеріңіз.
2 Компьютерді, қатынас орнын және құрылғыны қосыңыз.
3 Принтер драйверінің бағдарламалық жасақтамасын HP веб-сайтынан
(
www.hp.com/support/laser130MFP) жүктеп алыңыз.
4 Драйверді бумадан шығарып, драйверді орнату бағдарламасын іске қосыңыз.
5 Орнату терезесіндегі орнату келісім-шарттарын қараңыз және қабылдаңыз. Содан
кейін Далее түймесін басыңыз.










