User's Guide

Сымсыз желіні орнату | 60
Құрылғының сымсыз желісін теңшеу
Бастау алдында сымсыз желінің желі атауын (SSID) және ол шифрланған болса, желі кілтін
білу керек. Бұл ақпарат қатынас орнын (немесе сымсыз маршрутизаторды) орнатқанда
орнатылған. Сымсыз ортаны білмесеңіз, желіні орнатқан адамнан сұраңыз.
Сымсыз желілерді теңшеу үшін, HP Embedded Web Server бағдарламасын пайдаланыңыз.
HP Embedded Web Server бағдарламасын пайдалану
Сымсыз желі параметрлерін теңшеуді бастау алдында кабель қосылымының күйін
тексеріңіз.
1 Желілік кабель құрылғыға қосылған-қосылмағандығын тексеріңіз. Қосылмаған болса,
құрылғыны стандартты желілік кабельмен қосыңыз.
2 Internet Explorer, Safari немесе Firefox сияқты веб-шолғышты іске қосыңыз және
шолғыш терезесіне құрылғының жаңа IP мекенжайын енгізіңіз.
Мысалы,
3 HP Embedded Web Server веб-сайтының жоғарғы оң жағындағы HP Embedded Web
Server түймесін басыңыз.
4 HP Embedded Web Server жүйесіне алғаш рет кірсеңіз, әкімші ретінде кіру керек. Әдепкі
ИД (admin) өрісін толтырыңыз. Әдепкі құпия сөз жоқ. Қауіпсіздік мақсаттары үшін
әдепкі құпиясөзді орнату ұсынылады. Ид. мен құпия сөзді Қауіпсіздік > Безопасность
системы > Жүйе әкімшісі тармағынан өзгертуге болады.
5 HP Embedded Web Server терезесі ашылғанда Параметры сети түймесін басыңыз.
6 Wi-Fi > Мастер басыңыз.
7 Тізімде бір Сетевое имя (SSID) таңдаңыз.
8 Далее түймесін басыңыз.
Егер сымсыз қауіпсіздік параметрлері терезесі шықса, тіркелген құпия сөзді (желілік
құпия сөзді) енгізіп, Далее түймесін басыңыз.
9 Растау терезесі шығады. Сымсыз желі теңшелімін тексеріңіз. Теңшелім дұрыс болса,
Применить түймесін басыңыз.