User's Guide

HP Embedded Web Server бағдарламасын пайдалану | 63
HP Embedded Web Server бағдарламасын
пайдалану
• HP Embedded Web Server үшін Internet Explorer 8.0 немесе одан кейінгі нұсқасын
пайдалану қажет.
Төмендегі бағдарламаларды пайдаланудан бұрын IP мекенжайын орнатыңыз.
Модельге немесе елге байланысты кейбір мүмкіндіктер және қосымшалар қол
жетімді болмауы мүмкін (8-беттегі "Үлгілер бойынша функциялар"бөлімін
қараңыз).
Желі ортасында желілік параметрлерді оңай теңшеу үшін бірнеше бағдарлама бар. Атап
айтқанда, желі әкімшісі желіде бірнеше құрылғыларды басқара алады.
HP Embedded Web Server
Желілік құрылғыға ендірілген веб-сервер келесі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік
береді:
Шығын материалдары туралы ақпаратты және күйде тексеру.
Құрылғы параметрлерін бейімдеу.
Әр түрлі желілік орталарға қосылу үшін құрылғыға қажет желі параметрлерін теңшеу.
HP Embedded Web Server бағдарламасына кіру
1 Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерге кіріңіз.
Мекенжай өрісіне принтердің машина IP мекенжайын (http://xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіңіз
және Enter пернесін басыңыз немесе Өту түймесін басыңыз.
2 Құрылғының енгізілген веб-торабы ашылады.