User's Guide

HP Embedded Web Server бағдарламасын пайдалану | 65
Безопасность қойындысы
Бұл қойынды жүйе және желі қауіпсіздігі ақпаратын орнатуға мүмкіндік береді. Бұл
қойындыны көру үшін жүйеге әкімші ретінде кіруіңіз қажет.
Безопасность системы: Жүйелік әкімшінің ақпаратын орнатады, сонымен бірге, машина
мүмкіндіктерін қосады немесе ажыратады.
Стандарт безопасности Сеть: IPv4/IPv6 сүзгісі үшін параметрлерді орнатады.
Обслуживание қойындысы
Бұл қойынды жабдықтың ішке орнатылған бағдарламасын жетілдіру және электрондық
хаттар жіберу үшін байланыс ақпаратын орнату арқылы құрылғыға қызмет көрсетуге
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, HP веб-торабына қосылуыңызға немесе Ссылка мәзірін таңдау
арқылы драйверлер жүктеп алуыңызға болады.
Обновление ПО: Машинаның микробағдарламасын жаңартыңыз.
Контактная информация: Байланыс ақпаратын көрсетеді.
Ссылка: Ақпаратты қотаруға немесе
тексеруге болатын пайдалы тораптардың
сілтемелерін көрсетеді.
Жүйелік әкімші туралы ақпаратты орнату
Бұл параметр электрондық пошта ескеруі опциясын пайдалану үшін қажет.
Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда
болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді.
1 Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерді іске қосыңыз.
Мекенжай жолағына құрылғының IP мекенжайын (http://xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіп, Enter
пернесін басыңыз немесе Өту түймесін басыңыз.
2 Құрылғының енгізілген веб-торабы ашылады.
3 Безопасность қойындысынан Безопасность системы > Системный администратор
параметрін таңдаңыз
4 Әкімшінің атын, телефон нөмірін, орнын және электрондық пошта мекенжайын
енгізіңіз.
5 Применить түймесін басыңыз.