User's Guide

HP Smart бағдарламасы | 68
HP Smart бағдарламасы арқылы сканерлеу
Құрылғы камерасы арқылы құжаттарды немесе фотосуреттерді сканерлеу үшін HP Smart
бағдарламасын пайдалануға болады. HP Smart бағдарламасы сканерленген кескінді сақтау
немесе ортақ пайдалану алдында реттеуге мүмкіндік беретін өңдеу құралдарын қамтиды.
Сканерленген кескіндерді басып шығаруға, жүйе ішінде немесе бұлттық сақтау орнында
сақтауға және оларды электрондық пошта, SMS, Facebook, Instagram, т.б. арқылы бөлісуге
болады.
Android немесе iOS құрылғысынан сканерлеу үшін
1 HP Smart бағдарламасын ашыңыз.
2 Басқа принтерге ауысу немесе жаңа принтер қосу қажет болса, плюс белгішесін
түртіңіз.
3 Сканерлеу параметрін таңдап, Камера түймесін түртіңіз. Кірістірілген камера ашылады.
Камераны пайдаланып, фотосуретті немесе құжатты сканерлеңіз.
4 Сканерленген құжатты немесе фотосуретті реттеп болған соң, оны сақтаңыз, бөлісіңіз
немесе басып шығарыңыз.
HP Smart бағдарламасынан анықтамалық ақпарат алу
HP Smart бағдарламасы принтер мәселелеріне (кептелістер және басқа да мәселелер)
қатысты ескертулерді, анықтама мазмұнының сілтемелерін және қосымша көмек алу үшін
қолдау қызметіне хабарласу параметрлерін ұсынады.