User's Guide

Негізгі артықшылықтар | 7
Негізгі артықшылықтар
Ортаға қауіпсіз
Қағазды үнемдеу үшін түрлі беттерді бір парақ бетіне басып шығара аласыз.
Электр қуатын үнемдеу үшін бұл машина пайдаланылып жатпаған кезде қуатты тұтынуды
айтарлықтай азайтып, электр қуатын автоматты түрде үнемдейді.
Энергияны сақтау үшін қалдықтардан жасалған қағазды пайдалануды ұсынамыз.
Ыңғайлылық
• HP MFP Scan — пайдаланушыларға құжаттарды .epub пішімін қоса, бірнеше пішімдерде
сканерлеуге, құрастыруға және сақтауға көмектесетін қолданба. Бұл құжаттарды факс
арқылы бөлісуге болады (94-беттегі "HP MFP Scan program бағдарламасынан
сканерлеу"қараңыз).
Егер интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болса, HP веб-сайтына
(
www.hp.com/support/laser130MFP) кіріп, анықтама, қосымша бағдарлама, құрылғы
драйверлері, нұсқаулықтар және тапсырыс туралы ақпаратты ала аласыз.
Функциялардың және бағдарламалардың кең ауқымына
қолдау көрсету
Әр түрлі қағаз өлшемдерін қолдайды (187-беттегі "Баспа құралының
сипаттамалары"бөлімін қараңыз).
Су таңбасын басып шығару: Құжаттарды «Құпия» сияқты сөздермен теңшей аласыз.
Афишаларды басып шығару: Құжаттың әр бетіндегі мәтін мен суреттер ұлғайтылып,
бірнеше парақ бетіне көлденең басылып шығады және плакат құру үшін біріктіріледі.
Әр түрлі сымсыз желіні орнату әдістерін қолдайды
Модельге байланысты сымсыз желі қол жетімді емес болуы мүмкін.
(Беспроводн.) түймесін пайдалану
- Құрылғыдағы және қатынасу орнындағы (сымсыз маршрутизатор) (Беспроводн.)
түймесін пайдаланып, сымсыз желіге оңай қосыла аласыз.
• USB кабелін немесе желілік кабельді пайдалану
-USB кабельді немесе желілік кабельді пайдаланып сымсыз желіге қосылып, оның әр
түрлі параметрлерін орната аласыз.
• Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдалану
-Wi-Fi немесе Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдаланып ұшқыр құрылғыдан ыңғайлы басып
шығара аласыз.