User's Guide

Басып шығару мүмкіндіктері | 77
Басып шығару мүмкіндіктері
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол жетімді болмауы
мүмкін (8-беттегі "Үлгілер бойынша функциялар"бөлімін қараңыз).
Принтердің бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін, HP веб-сайтынан
бағдарламалық жасақтама бумаларын жүктеп алуыңыз керек. HP бойынша
принтерге арналған толық анықтаманы алу үшін
www.hp.com/support/laser130MFP веб-сайтына өтіңіз.
Принтердің арнайы мүмкіндіктерін түсіну
Құрылғыны пайдалану барысында қосымша басып шығару мүмкіндіктерін пайдалануға
болады.
Принтер драйвері беретін принтер мүмкіндіктерінің артықшылығын пайдалану мақсатында
басып шығару параметрлерін өзгерту үшін бағдарламаның Сипаттар терезесінде
Теңшелімдер немесе Басып шығару пәрменін таңдаңыз. Принтер сипаттары терезесінде
шығатын машина атауы пайдаланылатын машинаға байланысты басқа болуы мүмкін.
Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда
болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді.
Справка мәзірін таңдаңыз немесе терезеде түймесін басыңыз немесе
пернетақтада F1 пернесін басыңыз және мәліметтер алғыңыз келетін кез келген
параметрді нұқыңыз (76-беттегі "Анықтаманы пайдалану"бөлімін қараңыз).
Элемент Сипаттама
Несколько страниц на
стороне
Бір парақта басып шығару керек беттердің санын таңдайды. Бір
парақта бірнеше бет басып шығару үшін беттердің өлшемін
азайту және көрсетілген ретпен реттеу керек. Бір парақта 16-ға
дейін бет басып шығаруға болады.