User's Guide
Әрбір көшірме үшін параметрлерді өзгерту | 88
2 Қажет параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.
• Текст: Негізінен мәтіннен тұратын түпнұсқалар үшін пайдаланыңыз.
• Текст и фотография: Мәтіні мен фотосуреттері бар аралас мазмұнды түпнұсқалар
үшін пайдаланыңыз.
Басып шығарылған мәтіндер бұлдыр болса, анық мәтіндерді алу үшін Текст
параметрін таңдаңыз.
• Фото: Түпнұсқалар фотосуреттер болған кезде пайдаланыңыз.
3 Дайын режиміне оралу үшін (Отмена) түймесін басыңыз.
Кішірейтілген немесе үлкейтілген көшірме
Сканер шынысында түпнұсқа құжаттарды көшіргенде, көшірілген суреттің өлшемін 25% -
400% арасында кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
• Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол жетімді болмауы
мүмкін (9-беттегі "Әр түрлі мүмкіндіктер"бөлімін қараңыз).
• Егер машина үнемдеу режимінде болса, кішірейту және үлкейту мүмкіндіктері қол
жетімді болмайды.
Алдын ала орнатылған көшірме өлшемдерін таңдау үшін
1 Басқару тақтасында (көшіру) > (Меню) > Копирование > Масштабировать
тармағына өтіңіз.
Немесе басқару тақтасында (Меню) > Копирование > Масштабировать тармағын
таңдаңыз.
2 Қажет параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 Дайын режиміне оралу үшін (Отмена) түймесін басыңыз.










