User's Guide

WIA драйверін пайдаланып сканерлеу | 96
WIA драйверін пайдаланып сканерлеу
Құрылғы суреттерді сканерлеу үшін Windows Image Acquisition (WIA) драйверін қолдайды.
WIA – Microsoft Windows 7 жүйесі беретін стандартты құрамдастардың бірі және сандық
камералар және сканерлермен жұмыс істейді. TWAIN драйверіне қарағанда, WIA драйвері
суреттерді қосымша бағдарламалық құралды пайдаланбастан сканерлеуге және оңай
дұрыстауға мүмкіндік береді.
WIA драйвері USB порты бар Windows жүйесінде ғана жұмыс істейді (Windows 2000
қолдамайды).
1 Құрылғы компьютерге қосылып, қуат көзіне қосылғанын тексеріңіз.
2 Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары
қаратып құжат бергішке жүктеңіз (47-беттегі "Түпнұсқаларды салу"бөлімін қараңыз).
3 Бастау > Басқару тақтасы > Жабдық және дыбыс > Құрылғылар мен принтерлер
тармағына өтіңіз.
4 Принтеры и факсы > Начать сканирование тармағында құрылғы драйверінің
белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.
5 Жаңа сканерлеу бағдарламасы шығады.
6 Сканерлеу теңшелімдерін таңдаңыз және теңшелімдер суретке қалай әсер ететінін
көру үшін Алдын ала қарау пәрменін таңдаңыз.
7 Сканерлеңіз және сканерленген суретті сақтаңыз.