User's Guide

WSD ішіне сканерлеу | 97
WSD ішіне сканерлеу
Түпнұсқаларды сканерлеп, компьютер WSD (Web Service for Device) функциясын қолдаса,
сканерленген мәліметті оған сақтайды. WSD мүмкіндігін пайдалану үшін компьютерде WSD
принтер драйверін орнатуыңыз қажет. Windows 7 жүйесінде, Басқару тақтасы > Құрылғылар
мен принтерлер > Добавить принтер пәрменін таңдау арқылы WSD драйверін
орнатуыңызға болады. Шеберден Добавить сетевой принтер түймесін басыңыз.
Желілік интерфейсті қолдамайтын құрылғыда бұл мүмкіндікті пайдалану мүмкін
болмайды (8-беттегі "Үлгілер бойынша функциялар"бөлімін қараңыз).
• WSD мүмкіндігі Windows Vista® немесе WSD мүмкіндігімен үйлесімді
компьютердегі жаңа нұсқада жұмыс істейді.
Келесі орнату қадамдары Windows 7 компьютеріне негізделген.
WSD принтер драйверін орнату
1 Бастау > Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлер > Добавить принтер пәрменін
таңдаңыз.
2 Шеберден Желілік, сымсыз немесе Bluetooth басып шығарғышын қосу түймесін
басыңыз.
3 Принтерлер тізімінде, пайдаланғыңыз келетін принтерді таңдап, Келесі түймесін
басыңыз.
• WSD принтері үшін IP мекенжайы: http://IP address/ws/ (мысалы:
http://111.111.111.111/ws/).
Егер тізімде WSD принтері көрсетілмесе, Нужного принтера нет в списке >
Принтерді TCP/IP-мекенжайы немесе атау қолдану арқылы қосу түймесін
басыңыз және Құрылғы түрі терезесінен Веб-қызметтер құрылғысы пәрменін
таңдаңыз. Содан кейін принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.
4 Орнату терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.