User's Guide

Факс жіберу | 101
Факс жіберу
Түпнұсқаларды қойғанда, құжат бергішті немесе сканер шынысын пайдалануға
болады. Егер түпнұсқалар құжат бергіш және сканер шынысы екеуіне де қойылса,
құрылғы алдымен құжат бергіштегі құжаттарды оқиды. Себебі ол сканерлеуге
қарағанда басымдыққа ие.
1 Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары
қаратып құжат бергішке жүктеңіз (47-беттегі "Түпнұсқаларды салу"бөлімін қараңыз).
2 Басқару тақтасында (факс) белгішесін таңдаңыз.
3 Ажыратымдылығы мен ашықтығын факс қажеттіліктеріне сай реттеңіз (114-беттегі
"Құжат параметрлерін баптау"бөлімін қараңыз).
4 Факс нөмірін енгізіңіз (35-беттегі "Пернетақтадағы әріптер мен сандар"бөлімін
қараңыз).
5 Басқару тақтасында (Бастау) түймесін басыңыз. Құрылғы сканерлеуді бастап, факсті
бағыты бойынша жібереді.
Тікелей компьютерден факс жіберу керек болса, HP LJ Network PC Fax
бағдарламасын пайдаланыңыз (101-беттегі "Компьютерден факс жіберу"бөлімін
қараңыз).
Факс тапсырмасынан бас тарту қажет болса, құрылғы тасымалдауды бастамас
бұрын, (Отмена) түймесін басыңыз.
Егер сканер шынысын пайдаланған болсаңыз, құрылғы келесі бетті қоюды
сұрайтын хабарды көрсетеді.
Компьютерден факс жіберу
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол жетімді болмауы
мүмкін (8-беттегі "Үлгілер бойынша функциялар"бөлімін қараңыз).
Факсті құрылғыға бармай-ақ, компьютер арқылы жіберуге болады.
Құрылғы мен компьютер бірдей желіге қосылғанына көз жеткізіңіз.