Equipment reference manual

Жеткізуге дайындау
Компьютерді жіберуге дайындық барысында мына ұсыныстарды орындаңыз:
1. SSD файлдарын сыртқы сақтау құрылғысына сақтық көшірмелеңіз. Сақтаушы медиалардың
электрлік немесе магниттік соққыларға ұшырамауын қадағалаңыз.
2. Барлық алынбалы медианы алып тастаңыз.
3. Компьютерді және басқа сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан, одан кейін компьютерден ажыратыңыз.
5. Жүйе компоненттерін және сыртқы құрылғыларды қуат көздерінен, одан кейін компьютерден
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді жібергенге дейін барлық тақталардың дұрыс орналасқанын және
тақта ұяшықтарына дұрыс қондырылғанын тексеріңіз.
6. Жүйе компоненттері мен сыртқы құрылғыларды қорғау үшін, оларды өз қораптарына немесе
оларға ұқсас орам материалдары жеткілікті қораптарға салыңыз.
Жеткізуге дайындау 39