Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2018-2019 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/ немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы өнімдер Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® операциялық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ..................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ....
Құлақаспаптарды қосу ................................................................................................................... 21 Микрофонды қосу ........................................................................................................................... 22 Гарнитураны қосу ............................................................................................................................ 22 Дыбыс параметрлерін пайдалану ......................................................
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ................................. 36 Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу ............................ 36 Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу .. 36 Зауытта пломбаланған батарея .................................................................................................... 36 Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу ....................................................................................
HP PC Hardware Diagnostics пайдалану ...................................................................................................... 50 HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .............................................. 50 HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ......................................................................... 51 HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу .................................................
Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу .................................................... 61 Біздің міндетіміз ............................................................................................................................... 61 Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) .................. 62 Ең жақсы арнайы технологияны табу ...........................................................................................
xii
1 Алғашқы жұмыс Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Кесте 1-1 Қосымша ақпарат Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдауы үшін http://www.hp.com/support бетіне өтіңіз және өнімді табу жөнінде нұсқауларды орындаңыз.
Кесте 1-1 Қосымша ақпарат (жалғасы) Ресурстар Мазмұны http://www.hp.com/go/orderdocuments мекенжайы бойынша сұрауға болады. Азия-Тынық Мұхит аймағында сатып алынған өнімдер бойынша POD, PO Box 161, Kitchener Road Post Office, Singapore 912006 мекенжайы арқылы HP компаниясына хат жазуға болады. Өнім атауын, аты-жөніңізді, телефон нөмірін және пошталық мекенжайды көрсетіңіз.
2 Компьютермен танысу Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды. ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану (39-бет) бөлімінен қараңыз. (2) USB SuperSpeed порты Ұялы телефон, камера, әрекет бақылағышы немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
Бөлік (2) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) біріккен ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық қосымша автономды микрофонды қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады. ● Ақ: желі қосылған. ● Сары: желіде әрекет орын алуда.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (2) Камера шамы Қосулы: камера пайдаланылуда. (3) Камера Бейнечат жүргізу, бейне жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны пайдалану (21-бет) бөлімін қараңыз. Кейбір камераларда құпия сөз орнына бет әлпетін тануды пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (44-бет) бөлімінен қараңыз.
Пернетақта аумағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпаратты Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (28-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған. (3) Дыбысты өшіру шамы ● Қосулы: компьютер дыбысы өшірулі.
Түйме Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Арнайы пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылған кезде белгілі бір функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады. (4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Белгіше Сипаттама Басқа адамдардың жан-жақтан көруіне жол бермейді. Егер қажет болса, жарығы аз немесе қараңғы орталардың жарықтығын азайтыңыз немесе көбейтіңіз. Құпиялылық экранын өшіру үшін, пернені қайта басыңыз. Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады. «Windows 10 жүйесінде анықтама алу әдісі» веб-бетін ашады. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Үндеткіштер Дыбыс шығарады. (2) Желдеткіштер Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
Бөлік (1) HP өнімінің атауы (2) Модель нөмірі (3) Өнім коды (4) Сериялық нөмір (5) Кепілдік күшінің мерзімі Бөлік (1) HP өнімінің атауы (2) Өнім коды (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Нормативтік ақпараты бар жапсырма (жапсырмалар): компьютер туралы заңдық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәландыру белгісі (белгілері): қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Ұшу режимі пернесі Компьютерде ұшу режимі пернесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе бірнеше сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылғыңыз келетін WLAN жүйесі тізімде болмаса, мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басып, Открыть настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлерін ашу) опциясын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, Настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлері) опциясын таңдаңыз. 2.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
Bluetooth құрылғыларын қосу Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Егер Bluetooth әлі қосылмаған болса, оны қосыңыз. 3.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріккен ұясына қосуға болады. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Микрофонды қосу Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нәтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
USB Type-C мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпарат алу үшін http://www.hp.com/support сілтемесін басып, өнімді табу нұсқауларын орындаңыз. USB Type-C кабелі арқылы Thunderbolt құрылғысын жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt™ құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз: 1.
Бейне құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады. Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширить» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз, Параметры (Параметрлер) белгішесін , кейін Система (Жүйе) опциясын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістермен жылжуға болады: ● Сенсорлық қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдалану ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдалану ● Экрандағы пернетақтаны пайдалану ● Меңзеу таяқшасын пайдалану Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Екі саусақты сырғыту қимылын бетте немесе кескінде жоғары, төмен қарай немесе жан-жаққа жылжыту үшін пайдаланыңыз.
Төрт саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту Әрекет орталығын ашу үшін төрт саусақпен түрту қимылын пайдаланыңыз. ● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
Қосымша пернетақтаны немесе тінтуірді пайдалану Қосымша пернетақта немесе тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 1.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде батарея зарядын бақылаған және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Ұйқылық режимді және күту күйін пайдалану ЕСКЕРТУ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда бірнеше осал тараптары бар.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады. Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2.
Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады. Зарядтау уақыты +/- 10% дейін өзгеруі мүмкін.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Устранение неполадок и ошибок (Ақаулықтар мен ақауларды табу) опциясын таңдап, Диагностика бөліміндегі HP Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді немесе бактерицидтік майлықтарды пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид, сутек пероксиді, лигроин және көмірсутек еріткіштері сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі кеңестерін орындаңыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: – Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. – Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз. – Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. – Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Кесте 8-1 Windows жүйесінде қолданылатын құпия сөздері және олардың функциялары (жалғасы) Құпиясөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Кесте 8-2 BIOS құпия сөздері және олардың функциялары Құпия сөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: басыңыз. Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде Microsoft Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге болады. Windows Hello орнату үшін 1.
– немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Сымсыз желіні қорғау Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және әуежайлар сияқты адамдар көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
● 1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (47-бет) бөлімін қараңыз). 2. Main (Негізгі) параметрін таңдап, BIOS нұсқасын жазып алыңыз. 3. Exit (Шығу) тармағын, одан кейін опциялардың біреуін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows жүйесінде CTRL+Alt+S пернелер тіркесімін басыңыз. Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (48-бет) бөлімін қараңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранға шығарылатын нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында файл сөзін жазып, одан кейін Проводник (Жетектеуші) тармағын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып табылады. 3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз. 4.
10 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады.
● Ақаулықтың идентификациялық кодына сілтеме экранға шығарылады. Сілтемені басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ● Жылдам жауап беру (QR) коды көрсетіледі. Мобильді құрылғымен кодты сканерлеп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ● Қолдау қызметіне қоңырау шалу бойынша нұсқаулар көрсетіледі. Бұл нұсқауларды орындаңыз. HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Windows 10 S компьютерін пайдаланғанда, HP UEFI қолдау ортасын жүктеу және жасау үшін тек .exe пішіміндегі файлдар қолданылғандықтан, Windows компьютері мен USB флэш-жадын пайдалану қажет. Қосымша ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу (53-бет) бөлімінен қараңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу USB флэш-жады дискісіне жүктелген HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралы келесі жағдайларда пайдалы болады: ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI алдын-ала орнатылған кескінде қамтылмаған кезде. ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI HP Tool бөлімінде қамтылмаған кезде. ● Қатты диск зақымдалған кезде. ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты беті көрсетіледі. 2. Download Remote Diagnostics (Қашықтан диагностикалау құралын жүктеу) опциясын таңдаңыз, содан кейін Запустить (Орындау) түймешігін басыңыз.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін қолданылатын стандартты процедура: ● Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдарын пайдалану (55-бет) бөлімін қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз қажет. HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP қалпына келтіру медиа құралын жүктелетін USB флэш-жадында жасау үшін HP Cloud Recovery Download Tool құралын келесі жолмен пайдалануға болады. 1. http://www.hp.com/support бетіне өтіңіз. 2.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз. Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Кесте 12-1 ТТ қуат сипаттамалары (жалғасы) Тұтынылатын қуат Мөлшер 16,92 A – 330 Вт қуатында тұрақты ток – 19,5 В Сыртқы НР қуат беру құралының тұрақты ток ашасы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
13 Электрстатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Арнайы мүмкіндіктер Арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл біздің әрбір әрекетімізде көрінеді. Мұнда адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасау мақсатында атқаратын жұмыстарға ерекшеліктерді орнату жолының кейбір мысалдары берілген. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
● Өнімдеріміз бен қызметтерімізге қатысты көмекші технологияны жетілдіретін ішкі және сыртқы зерттеу және дамыту бөліміне қолдау көрсету. ● Арнайы мүмкіндіктерге арналған өндірістік стандарттар мен нұсқауларға қолдау көрсету және үлес қосу. Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік.
● HP Elite x3 – Арнайы мүмкіндіктер опциялары (Windows 10 Mobile) ● HP компьютерлері – Windows 7 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютерлері – Windows 8 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютері – Windows 10 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP Slate 7 планшеттері – HP планшетінде (Android 4.1/Jelly Bean) арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3,4.
Веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулар (WCAG) W3C Интернетке қолжетімділік бастамасының веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулары (WCAG) веб-дизайнерлер мен әзірлеушілерге физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне жақсырақ сәйкес келетін сайттарды жасауға көмектеседі. WCAG арнайы мүмкіндіктерді веб-мазмұн (мәтін, суреттер, аудио және бейне) мен веб-қолданбалардың толық ауқымы арқылы жетілдіреді.
кеңседе қолданылатын телекоммуникациялық жабдықты қамтиды. Мұндай жабдыққа телефондар, сымсыз телефондар, факс машиналары, жауап беру құрылғылары және пейджерлер кіреді.
алынған пікірлер тізімі мен уақытша топпен байланысу түрлері) туралы толық деректерді Арнайы 333 уақытша тобы бөлімінен қарауға болады. Қолайлы сынау және растау жоспарларын бағалауға қатысты бөліктер CEN BT/WG185/PT бөлімінде толық сипатталған параллель жоба арқылы жүзеге асырылды. Қосымша ақпарат алу үшін, CEN жобасы тобының веб-сайтына өтіңіз. Екі жоба да мұқият үйлестірілді.
● Соқыр адамдардың ұлттық федерациясы ● Солтүстік Америкалық қалпына келтіру инженерлік және көмекші технология қоғамы (RESNA) ● Керең және есті қабілеті нашар адамдарға арналған байланыс құралдары корпорациясы (TDI) ● W3C Интернетке қолжетімділік бастамасы (WAI) Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесо
68 – Дүйсенбі-жұма күндері, қысқы уақыт аймағындағы 6:00 мен 21:00 аралығында (888) 259-5707 нөміріне қоңырау шалыңыз. – Физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін байланыс пішімін аяқтаңыз.
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 63, 64 А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 24, 25, 26 Айнымалы ток адаптері және батарея шамы, анықтау 5 алдыңғы күйге қайтару 55 АМ (арнайы мүмкіндіктер): мақсаты 61 табу 62 амалдық жүйе басқару элементтері 17 арнайы мүмкіндіктер 61 арнайы мүмкіндіктер (АМ) мақсаты 61 табу 62 арнайы мүмкіндіктер бағалауды қажет етеді 62 Арнайы мүмкіндіктер туралы HP саясаты 61 арнайы пернелер, пайдалану 12 астыңғы құрамдас бөліктер 14 аудио 21 HDMI
жапсырмалар Bluetooth 15 WLAN 15 қызмет 14 нормативтік 15 сериялық нөмір 14 сымсыз куәлік 15 жауапсыз жүйе 33 желдеткіштер, анықтау 6, 14 желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 45 желіге қосылу 16 желі ұясы, анықтау 7 жетек жарығы, анықтау 5 жұмыс ортасы 59 жұмысты аяқтау 33 жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 55 жүктелу реті, өзгерту 56 З зауытта пломбаланған батарея 36 И Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 44 К камера анықтау 8 пайдалану 21 камера шамы, анықтау 8 ке
HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB Type-C порты 7 USB SuperSpeed 5 USB Type-C 26 USB Type-C Thunderbolt 23 Қосарлы режимі бар DisplayPort 7 Р ресурстар, арнайы мүмкіндіктер 66 С сақтық көшірме, жасау 55 сақтық көшірмелер 55 саусақ іздері, тіркеу 44 Сенсорлы тақта пайдалану 28 сенсорлы тақта аймағы, анықтау 9 Сенсорлы тақтадағы/сенсорлы экрандағы түрту қимылы 28 Сенсорлы тақтадан екі саусақты сырғыту қимылы 29 Сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдары екі саусақ көмегімен қысып
F fn пернесі, анықтау G GPS 12 19 H HDMI порты анықтау 7 қосылу 24 HP 3D DriveGuard 39 HP Device as a Service (HP DaaS, НР құрылғысы қызмет ретінде) 45 HP PC Hardware Diagnostics UEFI бастау 52 жүктеу 53 пайдалану 52 HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеу 51 орнату 51 пайдалану 50 HP Recovery Manager жүктеу мәселелерін шешу 56 HP Recovery құралы қалпына келтіру 56 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар Thunderbolt порты, USB Type-C портын анықтау 7 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және