User's Guide
Алдыңғы беттік панельдің басқару элементтері
Басқару элементі Функция
1 HP SureView түймесі Жеке көру және ортақ көру арасында ауыстырады.
2 Меню (Мәзір) түймесі Экрандық мәзірді ашу, одан мәзір тармағын таңдау немесе оны жабу үшін
басыңыз.
3 Информация/
Автонастройка/Минус
(Ақпарат/Автоматты
реттеу/Азайту)
3-функция түймесі
(тағайындалады)
Ақпарат: Экрандық дисплей мәзірі жабық және DisplayPort немесе HDMI негізгі
бейне көзі болса, Ақпарат мәзірін ашады.
Автоматты реттеу: Экрандық дисплей мәзірі жабық және VGA негізгі бейне көзі
болса, экран кескінін оңтайландыру үшін, автоматты реттеу мүмкіндігін іске
қосады.
Азайту: Егер экрандық дисплей мәзірі ашық болса, экрандық дисплей мәзірі
арқылы артқа қарай жылжиды және реттеу деңгейлерін азайтады.
4 Режимы просмотра/
Плюс (Көру режимдері/
Арттыру)
2-функция түймесі
(тағайындалады)
Көру режимдері: Экрандық дисплей мәзірі жабық тұрса, басқа экран көру
параметрлерін таңдау үшін, Көру режимдері мәзірі ашылады.
Арттыру: Егер экрандық дисплей мәзірі ашық болса, экрандық дисплей мәзірі
арқылы алға қарай жылжиды және реттеу деңгейлерін арттырады.
5 Вход/Выход (Кіріс/
Шығу)
1-функция түймесі
(тағайындалады)
Кіріс: Экрандық дисплей мәзірі жабық болса, келесі белсенді бейне кірісіне
(DisplayPort, HDMI немесе VGA) ауысады.
Шығу: Экрандық дисплей мәзірі ашық болса, өзгерістерді сақтап, экрандық
дисплей мәзірінен шығады.
6 Қуат түймесі Мониторды қосады немесе өшіреді.
7 Қуат шамы Ақ түсті: Монитор қосулы.
Сары: Монитор әрекетсіз болғандықтан, қуат үнемдеу күйінде.
Сары болып жыпылықтап тұрса: Монитор қуат үнемдеу параметрі себебінен төмен
қуат күйінде. Қуатты үнемдеу мүмкіндігі (28-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Функциялық түймелерді экран дисплейі мәзірінде қайта конфигурациялап, жиі
қолданылатын әрекеттерді таңдау мүмкіндігін қолдануға болады. Экрандық дисплей мәзірін ашу
үшін, Меню (Мәзір) түймесін басып, Меню (Мәзір) опциясын таңдаңыз. Запрограммировать кнопки
(Түймелерді тағайындау) опциясын таңдап, тағайындау керек болған түйме үшін қолжетімді
опциялардың бірін таңдаңыз.
4 1-тарау Іске кірісу










