User's Guide
Мониторды орнату
Монитор тұғырын орнату
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Монитордың зақымдалуын болдырмау үшін сұйық кристалдық панельдің
бетін ұстамаңыз. Панельге қысым түссе, түстің біркелкілігі немесе сұйық кристалдардың бағыты
бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі қалпына келмейді.
1. Монитор басының бетін төмен қаратып, таза, құрғақ матамен жабылған тегіс бетке
орналастырыңыз.
2. Тұғырдың тіреуіш тақтайшасын панелдің (1) артындағы саңылаудың үстіңгі жағынан
сырғытыңыз.
3. Тұғыр негізінің (2) төменгі жағын орнату тақтасын орнына түсетіндей етіп төмендетіңіз.
4. Тұғыр орнына бекітілгенде, орнату тақтасының астыңғы жағы бекітілетін ысырма сырғып
шығады.
Мониторды орнату 5










