User's Guide
Мониторды қосу
1. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Мониторды іске қосу үшін, оның Қуат түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Бір қозғалыссыз бейнені 12 сағат немесе одан көп уақыт бойы көрсететін мониторларда
қалдық кескін пайда болуы мүмкін. Қалдық кескіннің экранда пайда болуын болдырмау үшін,
экранды сақтау бағдарламасын қосу керек немесе егер ұзақ уақыт қолданылмаса, мониторды өшіріп
қою керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай. HP кепілдігі «қалдық
кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат түймесін басқанда ештеңе болмаса, қуат түймесін құлыптау мүмкіндігі қосылған
болуы мүмкін. Бұл функцияны өшіру үшін монитордың қуат түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Экрандық дисплей мәзіріндегі қуат шамын өшіруге болады. Монитордың алдыңғы
жағындағы Меню (Мәзір) түймесін басып, Питание (Қуат) бөлімін таңдаңыз. Индикатор Power (Қуат
жарық диодты шамы) опциясын таңдап, Выкл. (Өшіру) күйін таңдаңыз.
Мониторды алғаш рет қосылғанда, монитор күйі туралы хабар бес секунд көрсетіледі. Хабар қай
кірістің қосылып тұрғанын көрсетеді, ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы
және ұсынылатын алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы.
Монитор автоматты түрде сигнал кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады және экран
үшін сол кірісті пайдаланады.
HP су белгісі мен қалдық бейне тәртібі
Монитор аса кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген кескін сапасын қамтамасыз ететін IPS
(жазықтықтықта ауыстыру) көрсету технологиясымен жасалған. IPS мониторларын түрлі жетілдірілген
бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды. Бұл панель технологиясы
статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран қорғаушысын
қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды. Бұндай бағдарламалардың
қатарына камера бақылаушы, видео ойнындар, сауда логолары және экранда ұзақ уақыт
ойнатылатын үлгілер жатады. Статикалық бейнелер экранда дақ немесе су дақтары сияқты көрінетін
бейне қалдықтарының пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Тәулігіне 24 сағат қолданылатын мониторлардағы қалдық кескін зақымдалуы HP кепілдігінде
қамтылмаған. Бейне ақаулықтарын болдырмау үшін, қолданыстан тыс кезде мониторды өшіріп
қойыңыз немесе, егер жүйеде жабдықталған болса, қуат басқару параметрін қолданыстан тыс кезде
мониторды өшіру қызметіне қойыңыз.
Мониторды орнату 11










