User's Guide

HP SureView
HP SureView ауыстырылатын құпиялылық функциясына қол жеткізу үшін, бірегей және жарық диот
модулі құрылымын пайдаланады.
HP SureView мүмкіндігін ҚОСУЛЫ болғанда, жеке артқы жарық бір жарық көзін жарықты басқару үлдірі
арқылы монитордың ортасына қарай бағыттайды, сондықтан экран мазмұнын монитордың алдында
ортаңғы жағында орналасқандар үшін оңай көрсететін көру конусын іске қосады.
HP SureView ӨШІРУЛІ болғанда, жеке артқы жарық жарықты монитордың барлық аумағына жеткізу
үшін екі жарық көзін пайданалып, экран мазмұнын кез келген орыннан көру мүмкіндігін береді.
Монитордың алдыңғы тақтасының астындағы HP SureView түймесін басу арқылы HP SureView
мүмкіндігін қосуға немесе өшіруге болады.
Түйме басылғанда, белгіше түйменің үстіндегі экранда пайда болып, HP SureView күйін көрсетеді.
Белгіше Күйі
Экрандық дисплей HP SureView қосу немесе өшіру мүмкіндігімен бірге құлыпталады. Экрандық
дисплейді құлыптан босатып, HP SureView қосу немесе өшіру мүмкіндігіне ие болу үшін, Меню (Мәзір)
түймесін он секунд басып тұрыңыз.
HP SureView мүмкіндігі жеке көру үшін іске қосылады.
HP SureView мүмкіндігі ортақ көру үшін іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Монитор басы альбомдық бағытта тұрғанда, HP SureView мүмкіндігі ең тиімді жұмыс
істейді. Монитор басы портреттік бағытқа бұрылса, жеке көру бұрышы оңтайлы болмайды.
16 2-тарау Мониторды пайдалану