User's Guide
Экрандағы дисплей (OSD) мәзірін пайдалану
Монитор экранындағы кескінді өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеу үшін экрандағы дисплей (OSD)
мәзірін пайдаланыңыз. Монитордың алдыңғы беттік панелінің астыңғы жағындағы түймелер арқылы
экрандық мәзірге кіруге және реттеулер жасауға болады.
OSD мәзіріне кіріп, тиісті реттеулерді жасау үшін келесілерді орындаңыз:
1. Егер монитор әлі қосылмаған болса, оны қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Экрандық дисплей мәзіріне кіру үшін, түймелерді белсендіру мақсатына төрт беттік түймшіктің
бірін басыңыз
. Содан кейін экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Mеню (Мәзір) түймесін басыңыз.
3. Мәзір таңдауларын шарлау, таңдау және реттеу үшін жоғарғы үш Функция түймесін
пайдаланыңыз. Экрандағы түйме белгілері белсенді мәзірге немесе ішкі мәзірге қарай ауысып
отырады.
Келесі кестеде негізгі экран дисплейі мәзіріндегі мәзір таңдаулары берілген.
Негізгі мәзір Сипаттама
Жарықтық Экранның жарықтық немесе контрастылық деңгейін реттейді.
Түсі Экран түсін таңдайды және реттейді.
Кескін Экрандағы кескінді реттейді.
Кіріс Бейне кіріс сигналын таңдайды.
Қуат Қуат параметрлерін реттейді.
Мәзір Экрандық дисплей басқару элементтерін реттейді.
Басқару DDC/CI параметрлерін реттейді және экрандағы дисплей мәзірінің барлық параметрлерін
зауыттық әдепкі мәндеріне қайтарады.
Ақпарат Монитор туралы маңызды ақпаратты көрсетеді.
Шығу Экрандық мәзір экранынан шығу.
Экрандағы дисплей (OSD) мәзірін пайдалану 17










