User's Guide
3 Қолдау және ақаулықтарды жою
Жиі кездесетін проблемаларды шешу
Келесі кестеде болуы мүмкін ақаулар, әрбір ақаудың ықтимал себебі және ақауды жою үшін
ұсынылатын әдістер көрсетілген.
Ақау Ықтимал себеп Ақауды жою әдісі
Экран бос немесе бейне
жыпылықтайды.
Қуат сымы ажыратылған. Қуат сымын қосыңыз.
Монитор өшірулі. Монитордың қуат сымын басыңыз.
Бейне кабелі қосылмаған. Негізгі құрылғы мен мониторды бейне кабелімен
жалғаңыз. Бейне кабелін қосып жатқанда компьютер
қуаты өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Қосымша ақпарат
алу үшін Кабельдерді қосу (6-бет) бөлімін қараңыз.
Жүйе ұйқы режимінде. Ұйқы режимінен шығу үшін, пернетақтадағы кез келген
пернені басыңыз немесе тінтуірді жылжытыңыз.
Бейне картасы үйлесімді емес. Бейне картаны ауыстырыңыз немесе бейне кабелін
компьютердің бейне көздеріне жалғаңыз.
Кескін анық емес немесе
тым күңгірт болып көрінеді.
Жарықтық параметрі тым төмен. Экрандағы дисплей мәзірін ашып, Яркость (Жарықтық)
тармағын таңдаңыз да, жарықтық шкаласын сәйкесінше
реттеңіз.
«Входной сигнал не
обнаружен» (Кіріс сигналы
табылмады) хабары
экранда пайда болады.
Бейне кабелі ажыратылған. Негізгі құрылғы мен мониторды бейне кабелімен
жалғаңыз. Бейне кабелін қосып жатқанда компьютер
қуаты өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Қосымша ақпарат
алу үшін Кабельдерді қосу (6-бет) бөлімін қараңыз.
«Входной сигнал вне
диапазона» (Кіріс сигналы
диапазоннан тыс) хабары
экранда пайда болады.
Бейне ажыратымдылығы және/
немесе жаңарту жиілігі монитор
қолдайтын мәннен жоғарырақ
мәнге қойылған.
Параметрлерді қолдау көрсетілетін параметрлерге
өзгертіңіз (Алдын-ала орнатылған дисплей
ажыратымдылықтары (27-бет) қараңыз).
Монитор төмен қуатты
ұйқы режиміне
енгізілмеген.
Монитордың энергияны үнемдеу
режимі ажыратылған.
Экран дисплейі мәзірін ашыңыз және Питание (Қуат),
Автоматический переход в спящий режим (Автоматты
ұйқы режимі) опциясын таңдап, автоматты ұйқы
мүмкіндігін Вкл. (Қосу) күйіне қойыңыз.
Түйме бөгеулері
Қуат немесе Меню (Мәзір) түймесін он секунд ұстап тұру арқылы осы түйменің жұмысын бөгеуге
болады. Функцияларын қайтару үшін, сол түймені он секунд қайта басып тұрыңыз. Бұл функция
монитор белсенді сигналын көрсетіп, қосулы тұрғанда және экрандық дисплей мәзірі жабық болған
жағдайда қол жетімді болады.
Жиі кездесетін проблемаларды шешу 19










