User's Guide
Автоматты түрде реттеу функциясын пайдалану
(аналогтық кіріс)
Автоматты баптау мүмкіндігі автоматты түрде қосылып, келесі жағдайларда экраныңызды
оңтайландыруға әрекет етеді:
● Мониторды баптау
● Компьютерді зауыттық параметрлеріне қайта орнату
● Монитор ажыратымдылығын өзгерту
Кез келген уақытта экрандық дисплей мәзіріндегі Автоматты реттеу мәзірінен VGA (аналогтық) кірісі
үшін экран өнімділігін қолмен оңтайландыруға болады. http://www.hp.com/support сілтемесінен
автоматты реттеу үлгісінің бағдарламалық құрал қызметтік бағдарламасын жүктеп алуға болады.
Егер монитор VGA кірісінен басқа кірісті пайдаланса, бұл процедураны пайдаланбаңыз. Егер монитор
VGA (аналогтық) кірісін пайдаланса, бұл процедура сурет сапасының келесі күйлерін түзете алады:
● Бұлдыр немесе анық емес фокус
● Кескіннің қосарлануы, созылу немесе көлеңке әсерлері
● Бұлыңғыр тік жолақтар
● Жіңішке көлденең айналма сызықтар
● Ортадан ауытқыған сурет
Автоматты түрде реттеу функциясын пайдалану үшін:
1. Реттеуден бұрын монитордың жылынуы үшін 20 минут күтіңіз.
2. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Меню (Мәзір) түймесін басып, Изображение (Кескін)
опциясын таңдаңыз және содан кейін экрандық дисплей мәзірінен Автонастройка (Автоматты
реттеу) опциясын таңдаңыз. Егер сізді нәтиже қанағаттандырмаса, процедураны
жалғастырыңыз.
3. Автоматты реттеу қызметтік бағдарламасын ашыңыз. (Бұл қызметтік бағдарламаны
http://www.hp.com/support сілтемесінен жүктеп алуға болады.) Орнату сынақ үлгісі көрінеді.
4. Сынақ үлгісінен шығу үшін, пернетақтадағы Esc пернесін немесе кез келген басқа пернені
басыңыз.
20 3-тарау Қолдау және ақаулықтарды жою










