User's Guide

Кескін өнімділігін оңтайландыру (аналогтық кіріс)
Кескін сапасын жақсарту үшін экран дисплейіндегі екі басқару элементін реттеуге болады: Сағат пен
фаза (OSD мәзірінде қол жетімді). Бұл басқару элементтерін автоматты түрде реттеу функциясы
қолайлы кескінді қамтамасыз етпеген жағдайда ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сағат және фазаны басқару элементтерін аналогтық (VGA) кірісті пайдаланғанда ғана
реттеуге болады. Сандық кірістер үшін бұл басқару элементтері реттелмейді.
Алдымен сағатты дұрыс орнату керек, себебі сағат фазасының параметрлері негізгі сағат параметріне
тәуелді болады.
Сағат: Экран фонында көрінетін кез келген тік жолақтарды барынша азайту үшін мәнді
үлкейтеді/кішірейтеді.
Фаза: Бейненің жыпылықтауын немесе көмескілігін барынша азайту үшін мәнді үлкейтеді/
кішірейтеді.
ЕСКЕРТПЕ: Басқару элементтерін пайдаланғанда, автоматты түрде реттеу қызметін пайдалану
арқылы ең жақсы нәтижелерді аласыз. Бұл қызметтік бағдарламаны http://www.hp.com/support
сілтемесінен жүктеп алуға болады.
Сағат және фаза мәндерін реттегенде монитордағы кескіндер бұзылса, мәндерді реттеуді кескіндер
жөнделгенше жалғастыра беріңіз. Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру мақсатында экрандық
дисплей мәзірін ашу үшін, Меню (Мәзір) түймесін басып, Управление опциясын таңдаңыз және Сброс
параметров (Зауыттық параметрлерді қайта орнату) опциясын және содан кейін Да (Иә) күйін
орнатыңыз.
Тік жолақтарды жою үшін (Сағат):
1. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін Меню (Мәзір) түймесін басып, Изображениеескін) опциясын
таңдаңыз және содан кейін Синхроимпульс и фаза (Сағат және фаза) опциясын таңдаңыз.
2. Часы (Сағат) бөлімін таңдап, тік жолақтар болмауы үшін, жоғары және төмен көрсеткі
белгішелерін көрсететін монитордағы функция түймелерін пайдаланыңыз. Ең қолайлы реттеу
нүктесін өткізіп алмау үшін түймелерді ақырын басыңыз.
3. Сағат реттелгеннен кейін, егер экранда көмескілік, жыпылықтау немесе жолақтар пайда болса,
фазаны реттеңіз.
Жыпылықтауды немесе көмескілікті жою үшін (фаза):
1. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін Меню (Мәзір) түймесін басып, Изображениеескін) опциясын
таңдаңыз және содан кейін Синхроимпульс и фаза (Сағат және фаза) опциясын таңдаңыз.
Кескін өнімділігін оңтайландыру (аналогтық кіріс) 21