User's Guide
4 Мониторға техникалық қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Монитордың жұмысын жақсарту және оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін:
● Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану
жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс
жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет
көрсетушіге хабарласыңыз.
● Бұл монитор үшін тек монитордың жапсырмасында немесе артқы тақтасында көрсетілген тиісті
қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз.
● Розеткаға қосылатын өнімдердің номиналды тогы розетка жасалған ток күшінен аспайтынына,
ал қуат сымының көмегімен қосылған құрылғылардың жалпы номиналды ток сымы жасалған
номиналды ток күшінен аспайтынына көз жеткізіңіз. Әрбір құрылғының номиналды тогын (AMPS
немесе А) анықтау үшін, қуат жапсырмасын қараңыз.
● Мониторды оңай қол жеткізуге болатын розетканың жанына орнатыңыз. Мониторды ашаны
берік ұстап, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Ешқашан мониторды сымынан тартып
ажыратпаңыз.
● Пайдаланылмайтын кезде, мониторды өшіріңіз және экран сақтағыш бағдарламасын
пайдаланыңыз. Бұл монитордың жарамдылық мерзімін айтарлықтай ұзартады.
ЕСКЕРТПЕ: HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
● Корпустағы саңылаулар мен тесіктерді бөгемеңіз немесе оларға нысандарды салмаңыз. Бұл
тесіктер желдетуді қамтамасыз етеді.
● Мониторды түсіріп алмаңыз немесе тұрақсыз бетке қоймаңыз.
● Айнымалы ток қуат сымының үстіне ештеңе қоймаңыз. Сымды баспаңыз.
● Мониторды жақсы желдетілетін аумақта, шамадан тыс жарық, ыстық немесе ылғалдан ары
ұстаңыз.
Мониторды тазалау
1. Мониторды өшіріңіз және айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз.
2. Сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Монитордың экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз.
4. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын
пайдаланыңыз.
24 4-тарау Мониторға техникалық қызмет көрсету










