User's Guide
және жадта сақтауға болады. Монитор жаңа параметрді автоматты түрде сақтайды, содан кейін жаңа
режимді зауытта алдын-ала орнатылған режим сияқты таниды. Зауытта алдын ала орнатылған
режимдерге қоса, енгізіп, сақтауға болатын кем дегенде 10 пайдаланушы режимі бар.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі
Бұл монитор қуатты үнемдеу режимін қолдайды. Монитор көлденеңінен синхрондау сигналының
немесе тігінен синхрондау сигналының жоқ екендігін анықтаса, қуатты үнемдейтін күй іске қосылады.
Осы сигналдардың жоғын анықталғанда, монитор экраны бос болып, артқы жарығы өшіріледі және
қуат шамы сары болып жанады. Мониторлар қуатты үнемдейтін күйде болғанда, ол қуаттың 0,5
ваттан азын ғана пайдаланады. Монитор қалыпты жұмыс істеу күйіне келуі үшін, аздап қызуы қажет.
Қуатты үнемдеу режимін (кейде қуатты басқару мүмкіндігі деп аталады) орнату туралы нұсқауларды
компьютер нұсқаулығынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жоғарыда айтылған қуатты үнемдеу мүмкіндігі мониторды қуатты үнемдеу мүмкіндіктері
бар компьютерге қосқанда ғана жұмыс істейді.
Монитордың ұйқы таймер утилитасындағы параметрді таңдау арқылы алдын ала анықталған уақытта
қуатты үнемдеу режиміне кіру күйіне бағдарламалауға болады. Монитордың ұйқы таймері мониторды
қуат үнемдеу күйіне қойғанда, қуат жарығы сары болып жанады.
28 а қосымшасы Техникалық сипаттар










