User's Guide

1 Іске кірісу
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
Монитормен бірге айнымалы ток қуат сымы берілген болуы мүмкін. Егер басқа сым пайдаланылса, осы
мониторға сәйкес келетін қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз. Монитормен
пайдаланылатын тиісті айнымалы ток қуат сымы жинағы туралы ақпаратты құжаттамалар жинағында
берілген
Өнім ескертулері бөлімінен қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін:
• Қуат сымын барлық уақытта оңай қол жеткізуге болатын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
• Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суыру арқылы құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қуат сымы 3 істікшелі ажыратқышпен берілсе, оны (жерге қосылған) 3 істікшелі розеткаға қосыңыз.
Қуат сымының жерге қосу істікшесін (мысалы, 2 істікшелі адаптер қосу арқылы) ажыратпаңыз. Жерге
қосу істікшесі қауіпсіздіктікті қамтамасыз етуде маңызды болып табылады.
Қауіпсіздікті сақтау үшін қуат сымдарының немесе кабельдерінің үстіне ештеңе қоймаңыз. Оларды
ешкім кездейсоқ баспайтындай немесе оларға сүрінбейтіндей етіп орналастырыңыз. Сымнан немесе
кабельден ұстап тартпаңыз
. Айнымалы ток розеткасынан ажыратқанда сымды ашасынан ұстаңыз.
Ауыр жарақаттану қаупін азайту үшін, Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын
(пайдаланушы нұсқаулықтарымен бірге беріледі) оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін
жұмыс орнын реттеу және дұрыс ұйымдастыру жолдары, денсаулық сақтау шаралары және
компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады. Бұл Қауіпсіз және қолайлы жұмыс істеу
нұсқаулығында маңызды электр және механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын
қауіпсіздік ережелері де беріледі. Сонымен қатар Қауіпсіздік және қолайлы жұмыс істеу нұсқаулығы
http://www.hp.com/ergo сілтемесінде қолжетімді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Мониторды, сондай-ақ компьютерді қорғау үшін, барлық компьютердің және
басқа перифериялы құрылғылардың (мысалы, монитор, принтер, сканер) қуат сымдарын қандай да
бір кернеу ауытқуларынан қорғау құрылғыларына қосыңыз, мысалы, желілік сүзгілерге немесе
үздіксіз қуат көздері (ҮҚК). Кернеу тұрақтандырғыштарының барлығы да кернеудің артып кетуінен
қорғамайды; қуат жолақтарында осындай мүмкіндік бар деген арнайы жапсырма болуы керек.
Зақымдалған жағдайда ауыстыру саясатын қолданатын және кернеу ауытқуларынан қорғамаған
жағдайда жабдықты ауыстыруға кепілдік беретін өндірушінің желілік сүзгісін пайдаланыңыз.
HP сұйық кристалдық мониторын орнату үшін арнайы жасалған дұрыс өлшемді жиһазды
пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Комодтарда, кітап сөрелерінде, сөрелерде, үстелдерде, динамиктерде,
жәшіктерде немесе арбашаларда дұрыс емес орнатылған сұйық кристалдық мониторлар құлап,
жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
СКД мониторға қосатын барлық сымдарды және кабельдерді өткізгенде оларды қыспау, баспау
немесе оларға шалынбау үшін аса сақ болу керек.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл өнім ойын-сауық мақсаттарында қолдануға арналған. Айналасындағы жарық пен
жарқын беттердің әсерінен экраннан көзге жағымсыз шағылысу болмауы үшін мониторды жарығы
реттелетін жерге қойған дұрыс.
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат 1