User's Guide
Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары
Ерекшеліктер
Дисплей мүмкіндіктері:
● 1920 × 1080 ажыратымдылығына ие, диагоналі 60,5 см (23,8 дюйм) көрінетін экран аймағы,
сонымен қатар төмен ажыратымдылықтар үшін толық экран қолдауы; бастапқы ара-қатынасын
сақтай отырып, ең жоғары өлшемді бейнені қалыпты масштабтау мүмкіндігін ұсынады
● Жарық диодты жарқылсыз панель
● Құпиялылық экранын көруге арналған HP SureView түймесі
● Еңкейту мүмкіндігі
● Монитор басын альбомдық режимнен портреттік режимге бұру мүмкіндігі
● Бұру және биіктігін реттеу мүмкіндіктері бар
● Монитордың иілгіш басын орнату туралы шешімдерді ұсынатын алынбалы тіреуіш
● DisplayPort және VGA бейне кірістері (кабельдер берілген)
● HDMI (Жоғары сапалы мультимедиалық интерфейс) бейне кірісі (кабель берілмеген)
● Кіріс порты бар USB хабы (компьютерге жалғанады) және екі шығыс порт (USB құрылғыларына
жалғанады)
● USB кабелі компьютердің USB портындағы USB хабына жалғау үшін берілген
● Амалдық жүйе қолдау көрсетсе, Plug and Play (Қосу және ойнату) мүмкіндігі
● Қосымша қауіпсіздік кабеліне арналған монитордың артындағы қауіпсіздік кабелі
● Экрандық дисплей реттеулерін оңай орнатып, экранды оңтайландыру үшін бірнеше тілде
берілген
● Монитор параметрлерін реттеу және ұрлықтан қорғау мүмкіндігіне арналған HP дисплей
көмекшісі
● Сандық кірістерде HDCP (High-bandwidth Digital Content Protection) қолданылады
● VESA орнату мүмкіндігі
● Қуатты үнемдеу мүмкіндігі қуатты азайтып тұтыну талаптарына сәйкес келеді
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік және құқықтық ақпарат алу үшін, құжаттама жинағындағы Өнім ескертулері
бөлімін қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулығының соңғы нұсқасына қол жеткізу үшін,
http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіп, өніміңізді табу нұсқауларын орындаңыз. Содан кейін
Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулары) бөлімін таңдаңыз.
2 1-тарау Іске кірісу










