User's Guide
Камералардың көбісі чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Кейбір
құрылғылар HD (ажыратымдылығы жоғары) немесе 3D мүмкіндігін, ойын ойнау үшін
бағдарламаларды немесе бет тануға арналған Windows Hello сияқты бағдарламалық құралын да
қамтамасыз етеді. Windows Hello құралын пайдалану туралы толық ақпаратты Windows Hello
мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (51-бет) бөлімінен қараңыз.
Камераны пайдалану үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін жазып, одан кейін қолданбалар тізімінен
Камера тармағын таңдаңыз.
2. Таңдаулы өнімдерде қосымша мүмкіндіктерді, көрсетілімдерді және бағдарламаларды шолу
үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына Intel RealSense сөзін енгізіңіз.
Дыбысты пайдалану
Музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс
жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Сондай-ақ,
компьютерде (таңдаулы үлгілерде) музыкалық ықшам дискілерді ойнатуға немесе ықшам дискілер
ойнату үшін сыртқы оптикалық дискті тіркеуге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін,
құлақаспаптарды немесе үндеткіштерді қосыңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына жалғау арқылы
қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
(34-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Құлақаспаптарды қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации (Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
30 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері KKWW