Equipment reference manual
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйелік тақтада әрқашан ток болады. Компьютердің ішкі құрамдас бөлшектері
бүлінуінің алдын алу үшін, қуат сымын ажыратып қою керек.
Компьютердің алынбалы панелін алу
Ішкі құрамдас бөлшектерді алу үшін, алынбалы панельді алып тастауыңыз қажет:
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз).
2. Алынбалы панелдің құлпын солға қарай сырғытып (1), панельді компьютердің артына қарай
сырғытыңыз (2) және содан кейін корпусынан жоғары көтеріп алыңыз (3).
Компьютердің алынбалы панелін алу 7










