Equipment reference manual

Кесте 2-1 Жүйелік тақта қосқыштары (жалғасы)
Жүйелік тақта қосқышы Жүйелік тақта
жапсырмасы
Түсі Бөлік
14 M.2 SSD SSD Қара M.2 SSD жад картасы
15 M.2 WLAN WLAN Қара M.2 WLAN картасы
Жүйе жадын жаңарту
Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад
модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған.
Жүйелік тақтадағы жад ұяшықтарына кемінде бір алдын ала орнатылған жад модулі салынған. Жад
қолдауын барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 64 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы
режимде жиналған жад орнатуға болады.
Жүйесі дұрыс жұмыс істеу үшін, DIMMs келесі талаптарға сай болуы тиіс:
Салалық стандартты 288 істікшелі
Буферсіз ECC PC4-19200 DDR4-2400/2666 МГц-үйлесімді емес
1,2 вольттық DDR4-SDRAM жад модульдері
CAS кідірісі 17 DDR4 2400/2666 МГц (17-17-17 уақыт)
Міндетті JEDEC SPD ақпараты
Компьютер келесі көрсеткіштерді қолдайды:
512 Мб, 1 Гб, 2 Гб және 4 Гб ECC-емес жад технологияларын
Бір жақты және екі жақты жад модульдері
Жад модельдері ×8 және ×16 DDR құрылғылары арқылы жасалған; ×4 SDRAM арқылы жасалған
жад модульдеріне қолдау көрсетілмеген
ЕСКЕРТПЕ: Егер қолдау көрсетілмеген жад модульдерін орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
Жад модулін орнату
Жүйе тақтасында әр арнаға екі ұяшықтардан келетін төрт жад ұяшықтары бар. Ұяшықтар DIMM1,
DIMM2, DIMM3 және DIMM4 атауларымен таңбаланған. DIMM1 және DIMM2 ұяшықтары В арна жадында
қызмет атқарады. DIMM3 және DIMM4 ұяшықтары А арна жадында қызмет атқарады.
Жүйе DIMM модульдерінің орнатылуына қарай бір арналы режимде, қос арналы режимде немесе
икемді режимде автоматты түрде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна және теңгерілмеген қос арна жадының конфигурациялары график жұмысын
нашарлатады.
Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді.
Егер А арнасындағы DIMM құралдар жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM
құралдар жадының толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау
режимінде жұмыс істейді. Мысалы, А арнасы екі 1 ГБ DIMM құралдарымен толтырылса және бір В
2 ГБ DIMM толтырылса, жүйе қос арналы күйде қызмет атқарады.
12 2-тарау Құрылғы жаңартулары