Equipment reference manual
● Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз
жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға
тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдық үішн, арналар жадтың үлкен
көлемінің екі арналар араларында таралатындай теңестірілуі қажет. Егер бір арнаның жады
басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс. Мысалы,
егер сіз ұяшықтарды бір 2-GB DIMM құралымен және үш 1-GB DIMM құралымен толтырып
жатсаңыз, А арнасы 2-GB DIMM және бір 1-GB DIMM құралымен және В басқа екі 1-GB DIMM
құралымен толтырылуы қажет. Осы конфигурациясының негізінде, 4 ГБ қос арна ретінде және 1
ГБ жалғыз арна ретінде іске қосылуы қажет.
● Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы анықталады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан,
компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе
жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нәтижесінде пайда болатын тотығу және/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану
маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап
қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпаратты Электр
статикалық разряд (41-бет) тарауынан қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз).
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдерін қосқпайынша немесе
алмайынша шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне
қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдеріне
әрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдеріне қосу немесе алу
нәтижесінде жад модульдеріне немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін
қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі бөлшектерінің
салқындауын күтіңіз.
Жүйе жадын жаңарту 13










