Equipment reference manual

3. Жад модулінің ұяшығының екі ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз.
Модульдің толығымен енгізіліп, дұрыс орнатылғанына көз жеткізіп, модульді ұяшығына
басыңыз. Ысырмалардың жабық күйде екенін (3) тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад
ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз.
Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз.
Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең
болатындай толтырыңыз.
4. Кез келген қосымша модульді орнату үшін, 3-қадамды қайталаңыз.
5. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
6. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. Компьютер қосымша
жадты автоматты түрде тануы тиіс.
7. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
Кеңейту картасын алу немесе орнату
Компьютерде үш PCI Express ×1 кеңейту ұяшығы және бір PCI Express ×16 кеңейту ұяшығы бар.
ЕСКЕРТПЕ: PCI Express ×1, ×8 немесе ×16 кеңейту карталарын PCI Express ×16 ұясына орнатуға
болады.
Екі графикалық карта конфигурациясы үшін, алғашқы (негізгі) картаны PCI Express ×16 ұяшығына
орнату керек.
Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін:
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз).
2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін
қараңыз.
14 2-тарау Құрылғы жаңартулары