User's Guide

Windows 10
i. Windows Бастау мәзірінен қолданбалар тізіміндегі Windows жүйесін басқару құралдары
тармағын таңдаңыз, содан соң Қызметтер бөлімін таңдаңыз.
ii. Принтердегі спулер бағдарламасы түймешігінің үстінен тінтуірдің оң жағымен басып,
Сипаттар түймешігін басыңыз.
iii. Жалпы қойындысындағы Іске қосу түрі параметрінің жанында Автоматты параметрі
таңдалғанына көз жеткізіңіз.
iv. Қызмет іске қосылмаған болса, Қызмет күйі астындағы Бастау түймешігін басыңыз,
кейін OK түймешігін басыңыз.
Windows 8.1 және Windows 8
i. Charms bar тақтасын ашу үшін экранның жоғары оң жағын көрсетіңіз немесе түртіңіз
және содан кейін Параметры (Параметрлер) белгішесін басыңыз.
ii. Панель управления (Басқару панелі) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз және Система
и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
iii. Инструменты администрирования (Әкімшілік құралдар), түймешігін басыңыз немесе
түртіңіз және содан кейін Службы (Қызметтер) белгішесін екі рет басыңыз немесе
түртіңіз.
iv. Принтердегі спулер бағдарламасы түймешігінің үстінен тінтуірдің оң жағымен басып
ұстап тұрыңыз және Сипаттар түймешігін басыңыз.
v. Жалпы қойындысындағы Іске қосу түрі параметрінің жанында Автоматты параметрі
таңдалғанына көз жеткізіңіз.
vi. Қызмет іске қосылмаған болса, Қызмет күйі астындағы Бастау түймешігін басыңыз
немесе түртіңіз, кейін OK түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
Windows 7
i. Windows жүйесіндегі Бастау мәзіріндегі Басқару тақтасы, Жүйе және қауіпсіздік
түймешігін басып, Әкімшілік құралдар түймешігін басыңыз.
ii. Қызметтер түймешігін екі рет басыңыз.
iii. Принтердегі спулер бағдарламасы түймешігінің үстінен тінтуірдің оң жағымен басып,
Сипаттар түймешігін басыңыз.
iv. Жалпы қойындысындағы Іске қосу түрі параметрінің жанында Автоматты параметрі
таңдалғанына көз жеткізіңіз.
v. Қызмет іске қосылмаған болса, Қызмет күйі астындағы Бастау түймешігін басыңыз,
кейін OK түймешігін басыңыз.
ә. Әдепкі принтер ретінде дұрыс құрылғы орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Әдепкі принтердің жанында қара немесе жасыл дөңгелекке белгі қойылған.
б. Басқа құрылғы әдепкі принтер ретінде орнатылса, дұрыс құрылғыны тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз және Әдепкі принтер ретінде орнату параметрін таңдаңыз.
в. Принтерді қайтадан қолданып көріңіз.
96 9-тарау Мәселені шешу KKWW