User's Guide
6. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
7. Басып шығару кезегін тазалау
Басып шығару кезегін тазалау үшін
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
● Windows 10: Windows жүйесінің Бастау мәзірінен қолданбалар тізіміндегі Windows жүйесі
тармағын таңдап, Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз, содан соң Аппараттық құрал
мен дыбыс бөліміндегі Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін басыңыз.
● Windows 8.1 және Windows 8: Шебер түймелер тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы оң
жақ бұрышына меңзеңіз немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басыңыз, Басқару
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз, содан соң Құрылғылар мен принтерлерді қарау
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз.
● Windows 7: Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мәзірінен Устройства и принтеры
(Құрылғылар және принтерлер) пәрменін басыңыз
ә. Басып шығару кезегін ашу үшін құрылғы белгішесін екі рет басыңыз.
б. Принтер мәзірінде Отменить все документы (Барлық құжаттарды болдырмау) немесе
Очистить печать документа (Баспа құжатын тазарту) тармағын таңдап, растау үшін Да (Иә)
түймешігін басыңыз.
в. Кезекте құжаттар бар болса, компьютерді қайта іске қосыңыз және компьютер қайта іске
қосылғаннан кейін қайтадан басып шығарыңыз.
г. Басып шығару кезегінің таза екеніне көз жеткізу үшін, оны қайтадан тексеріңіз және қайтадан
басып шығарып көріңіз.
Басып шығару сапасының мәселелерін түзету
ЕСКЕРТПЕ: Картридждерді кеуіп кетуден қорғау үшін принтерді әрқашан Қуат түймесін пайдаланып
өшіріңіз.
Басып шығару сапасын жақсарту (Windows)
1. Түпнұсқалық HP картридждарын пайдаланып отырғаныңызға көз жеткізіңіз.
2. Қағаз түрін тексеріңіз.
Ең жақсы басып шығару сапасына қол жеткізу үшін, жоғары сапалы HP қағазын немесе ColorLok®
стандартына сай келетін қағаздарды пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағаз негізгілері
(24-бет) бөлімін қараңыз.
Әрқашан басып шығарып жатқан қағаздың тегіс екенін тексеріңіз. Суреттерді басып шығарғанда
жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін HP жетілдірілген фотосурет қағазын пайдаланыңыз.
Арнайы қағазды өз бумасында, жабық полиэтилен қалтасының ішіне салып, салқын, құрғақ, тегіс
жерде сақтаңыз. Басып шығаруға дайын болғанда пайдалануды жоспарлаған қағазды ғана дереу
шығарып алыңыз. Басып шығаруды аяқтағанда қолданылмаған фотосурет қағазын полиэтилен
қалтасына салып қойыңыз. Бұл фотосурет қағазының шиыршықталып қалмауына мүмкіндік береді.
KKWW Осы нұсқаулықта анықтама алу 97