User's Guide

Принтердің басқару тақтасынан Resume (Жалғастыру) және (Ақпарат түймесі) түймесін
бір уақытта басып
, сымсыз желі сынағының есебін және желі конфигурациясының бетін басып
шығарыңыз.
Тексеру кезінде қате орын алса, сымсыз байланыс желісін тексеру есебінің үстіңгі бөлігін тексеріңіз.
Сонымен қатар Wi-Fi сигналының күшін көре аласыз.
Принтердің тексеруден өткенін не өтпегенін анықтау үшін, жүргізілген барлық тексерулер үшін
DIAGNOSTICS RESULTS (ДИАГНОСТИКА НӘТИЖЕЛЕРІ) бөлімін қараңыз. Қандай да бір
ақаулар шықса, есепте көрсетілген қадамдарды орындаңыз, содан кейін принтерді қайта
пайдаланып көріңіз.
CURRENT CONFIGURATION (АҒЫМДАҒЫ КОНФИГУРАЦИЯ) бөлімінде принтер қазіргі уақытта
қосылған желі атауын (SSID) табыңыз. Принтер компьютермен немесе мобильді
құрылғылармен бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз.
Wi-Fi сигнал күшін тексеріңіз. Егер сигнал күші әлсіз болса, принтердің сымсыз желі
аймағында тұрғанына көз жеткізіңіз. Көптеген желі үшін принтер сымсыз интернет нүктесінен
(сымсыз маршрутизатордан) 30 м 100 футтан алыс тұрмауы керек.
Желі параметрлерін қалпына келтіріңіз, содан кейін принтерді қайта қосыңыз. HP Smart қолданбасы
арқылы қосу (26-бет) бөлімін қараңыз.
HP Smart анықтама орталығынна принтерді қосу туралы анықтаманы табыңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Windows компьютерінен басып шығарып жатсаңыз, диагностика жасау және ақауды автоматты түрде
түзету үшін HP Print and Scan Doctor қызметтік бағдарламасын пайдаланып көріңіз.
Брандмауэр немесе антивирустық бағдарлама компьютердің принтерге қосылуына кедергі жасап
жатқанын анықтау және шешімдерін табу үшін HP онлайн брандмауэр ақауларын түзету құралы
бағдарламасын пайдаланыңыз.
Сымсыз желі байланысына қатысты ақауларды түзету туралы толық ақпарат алу үшін www.hp.com/
go/wirelessprinting бетін ашыңыз
Wi-Fi Direct байланысын түзету
1. Wi-Fi Direct қосылғанын тексеріңіз. Егер ол өшірулі болса, барлық түйме шамдарын қосу үшін
(Ақпарат түймесі) кемінде үш секунд басып тұрыңыз, сонан соң , , және түймелерін
бірге басыңыз
.
2. Сымсыз компьютерден немесе мобильді құрылғыдан принтердің Wi-Fi Direct атауын іздеңіз және
оған қосылыңыз.
Егер Wi-Fi Direct қызметіне қолдау көрсетпейтін мобильді құрылғыны пайдаланып жатқан болсаңыз,
үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/mobileprinting HP мобильді басып шығару веб-сайтына кіріңіз. Осы веб-сайттың
жергілікті нұсқасы еліңізде/аймағыңызда немесе тіліңізде қол жетімді болмаса, басқа елдегі/
аймақтағы немесе тілдегі НР мобильді басып шығару веб-сайтына бағытталған болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
100 9-тарау Мәселені шешу KKWW