User's Guide
Принтердегі ақауды жою
▲ Принтерді өшіріңіз және қосыңыз. Егер ақау жойылмаса, НР компаниясына хабарласыңыз.
НР қолдау көрсету орталығымен байланысу туралы қосымша ақпаратты HP қолдау қызметі (112-бет)
бөлімінен қараңыз.
Принтердің ескерту немесе қате күйі
ЕСКЕРТПЕ: HP Smart қолданбасы принтердің ескертулері мен қателері үшін толық ақпаратты береді.
Қолданбаны ашып, принтер күйін тексеріңіз, сонан соң ақауды жою үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз. Қажет болса, қосымша көмек алу үшін келесілерді тексеріңіз.
●
Сымсыз байланыс қателері
●
Қағаз қатесі күйі
●
Сия қатесі күйі
●
Басқару тақтасындағы қате кодтары
Сымсыз байланыс қателері
Жарық режимі Себеп және шешім
Үлкен шам жолағы қайта-қайта ортадан жиектерге қарай өшіп
жанады. Әр цикл арасында, үлкен жарық жолағында сарғылт түспен
жыпылықтайды.
Auto Wireless Connect (AWC) қатесі бар.
● Егер ол AWC орнату режимі кезінде болса, қосымша нұсқаулар
алу үшін HP Smart қолданбасы арқылы қосу (26-бет) бөлімін
қараңыз.
● Егер ол қосылым сәтті орнатылғаннан кейін болса, ақауды жою
үшін Желі және байланыс ақаулары (99-бет) бөлімін қараңыз.
Үлкен шам жолағы сыртқы жиектерде қызылкүрең түсте жанады және
ортада сарғылт түспен жыпылықтайды.
Wi-Fi Protected Setup (WPS) режимінде сымсыз байланыс қатесі бар.
● Принтерді қосу әдісі туралы қосымша ақпарат алу үшін
Принтерді Wi-Fi Protected Setup (WPS) арқылы сымсыз байланыс
желісіне қосу (27-бет) бөлімін қараңыз.
● Ақауды жою әдісі туралы қосымша ақпарат алу үшін Желі және
байланыс ақаулары (99-бет) бөлімін қараңыз.
102 9-тарау Мәселені шешу KKWW