User's Guide

Принтер есептерін түсіну
Принтердің ақауларын жоюға көмектесу үшін келесі есептерді басып шығара аласыз.
Принтер күйі туралы есеп
Желі конфигурациясы беті
Басып шығару сапасы туралы есеп
Сымсыз сынақ туралы есеп
Интернет арқылы пайдалану сынағы туралы есеп
Осы есептерді қалай басып шығару керектігі туралы толық ақпаратты Есептерді басқару тақтасынан
басып шығару (7-бет) бөлімінен көре аласыз.
Принтер күйі туралы есеп
Ағымдағы принтер мәліметтері мен картриджінің күйін қарап шығу үшін, принтердің күй есебін
пайдаланыңыз. Сондай-ақ, принтердің күй есебі принтердің ақаулықтары жоюға көмектеседі.
Сонымен қатар, принтердің күй есебі соңғы жағдайлардың жұрналын қамтиды.
HP корпорациясына қоңырау шалу қажет болса, қоңырау шалмас бұрын принтердің күй есебін басып
шығару жиі пайдалы болады.
Желі конфигурациясы беті
Принтер желіге қосылған болса, принтерге арналған желі параметрлері мен принтер анықтаған желіте
тізімін қарап шығу үшін желіні конфигурациялау бетін басып шығаруға болады. Есептің соңғы бетінде
сол аймақтан анықталған барлық сымсыз желінің тізімі беріледі және онда сигнал күйі мен қолданылған
арналар қамтылады. Бұл желіңізге басқа желілер көп қолданып жатпаған арнаны (желі өнімділігін
арттырады) таңдауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Анықталған аймақтағы сымсыз желілердің тізімін алу үшін, принтерде сымсыз радио
қосулы болу керек. Ол өшірулі болса, тізім көрсетілмейді.
Желіге қосылу ақауларын жоюға көмектесетін желіні реттеу бетін қолдануға болады. HP компаниясына
қоңырау шалу қажет болса, қоңырау шалмас бұрын осы бетті басып шығару жиі пайдалы болады.
Басып шығару сапасы туралы есеп
Басып шығару сапасына қатысты мәселенің бірнеше себебі болуы мүмкін: бағдарламалық құралды қате
реттеу, нашар кескін файлы немесе басып шығару жүйесінің өзіндегі қате. Баспа сапасы ұнамаса, басып
шығару сапасы есебінің беті басып шығару жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын анықтауға
көмектеседі.
Сымсыз сынақ туралы есеп
Сымсыз сынақ есебін басып шығарған кезде, сынақтардың саны принтердің сымсыз қосылымының
әртүрлі жағдайларын тексеру мақсатында іске қосылады. Есеп сынақтардың нәтижелерін көрсетеді.
Ақаулық анықталса, түзету жолы бар хабар есептің жоғарғы жағында көрсетіледі. Кейбір негізгі теңшеу
деректері есептің төменгі бөлімінде беріледі.
106 9-тарау Мәселені шешу KKWW